Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 510 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 58899 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 163811 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635280 |
«Ақпараттық технологиялар және қаржы» факультеті
«Ақпараттық технологиялар және қаржы» факультеті тек пәнаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, жеке оқыту түріне көшуді жеңілдететін, халықаралық академиялық мобильділікті дамытуға ықпал ететін оқытудың несиелік технологиясын қолданады. Ол студенттермен алмасу бағдарламасындағы студенттердің білім сапасын көтеруге, ғылыми және академиялық ойлармен өзара алмасуға себін тигізеді, жоо-ны ғылым және білім саласындағы алдыңғы қатарға шығаруға, олардың академиялық қауымдастықтағы ықпалын кеңейтуге және осы іс-шаралардың нәтижесінде қазақстандық диплом мәртебесі мен білім берудің ұлттық қалпын нығайтуға мүмкіндік береді
«Ақпараттық технологиялар және қаржы» факультетінде қолданылып отырған несиелік технология оқытудың жеке траекториясын таңдауға мүмкіндік береді. Студенттердің қосымша пәндерді оқуға және шектесуші мамандықтарды игеруге немесе таңдап алған мамандығы шеңберінде қосымша біліктілік алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ олар өз еліміздегі жоо-лармен қатар шетелдік оқу орындарындағы оқу курстарына және академиялық өміріне араласа алады және оқу нәтижесін академиялық мойындау кепілдігі де болады.
«Қаржы және несие», «Маркетинг және туризм», «Ақпараттық жүйелер» және «Тілдер» кафедрасындағы пәндерді оқыту әдістемесі студенттің бүкіл білім алу мерзімінде тұрақты түрде өзіндік жұмыс жүргізуіне ынталандырады, бұл оның жаңа білім алу мақсатында өз бетімен ақпарат іздеуге, ақпараттарды талдауға дағдылануына көмектеседі.
Халықаралық бизнес университетіндегі «Ақпараттық технологиялар және қаржы» факультеті қашанда өзекті орында. Еліміздің экономикалық өміріндегі жаңа сарындар болашақ мамандар қызметінің басқа да аспектілерін күшейтетін арнайы пәндер мен арнайы курстарды енгізуге ықпал етеді.
«Ақпараттық технологиялар және қаржы» факультеті келесі экономикалық және техникалық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайды:
- 5В050900 – «Қаржы»
- 5В060200 – «Информатика»
- 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»
- 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
- 5B090400 – «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету»
- 5B051100 – «Маркетинг»
- 5B060800 – «Экология»
- 5B090200 – «Туризм»
Оқу түрі: күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту.
Оқыту тілі: қазақ, орыс және ағылшын.
Оқыту мерзімі:
- 4 жыл (орта мектеп базасында күндізгі және кешкі оқу түрлері)
- 3 жыл (арнайы орта білім базасында күндізгі және сырттай оқу түрлері)
- 2 жыл (жоғары білім базасында сырттай және кешкі оқу түрлері)
Халықаралық бизнес университетін бітіргеннен кейін мемлекеттік үлгідегі жоғары білім туралы диплом беріледі (Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің Мемлекеттік лицензиясы АА сериялы № 0000143 2002ж. 05.02.).
Факультет әкімшілігі
|
|
|
|
Факультет деканы |
Факультет деканының орынбасары Ахметова Баян Камалбайқызы, э.ғ.к., доцент |
Факультет кафедралары
«Қаржы және несие» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Омарбакиев Лутпулла Амурулламұлы, э.ғ.к., доцент
Мамандығы:
- 5В050900 – «Қаржы»
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Махметова Анар Мұсақызы, т.ғ.к., доцент
Мамандықтары:
- 5В060200 – «Информатика»
- 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»
- 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
«Маркетинг және туризм» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Давлетова Майра Тұрысбекқызы, э.ғ.к., университет профессоры
Мамандықтары:
- 5B090400 – «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету»
- 5B051100 – «Маркетинг»
- 5B060800 – «Экология»
- 5B090200 – «Туризм»
«Тілдер» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Сағымбаева Джаннат Елемесқызы, п.ғ.к., доцент





























