• Russian (CIS)
  • Kazakh (CIS)
  • English (United Kingdom)
Яндекс.Погода

Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня510
mod_vvisit_counterВчера10415
mod_vvisit_counterНа этой неделе58899
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе69608
mod_vvisit_counterЗа этот месяц163811
mod_vvisit_counterЗа прошлый месяц262557
mod_vvisit_counterВсего6635280

Ваш IP: 38.107.179.206

«Экономика және есеп» факультеті


Алға қоятын басты міндет – менеджер үшін барлық қажетті білім мен дағдыны игерген өз ісінің маманы болу.

«Экономика және есеп» факультеті

Оқу процесі аясында  студенттер мамандық бойынша жалпы білім беретін және жалпы кәсіби пәндерді оқып-үйренеді, жоғары курстарда мамандану пәндері оқытылады және бірқатар факультативтер ұсынылады. Студенттердің өздік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Оқу процесі барысында оқытудың төмендегі интербелсенді әдістері мен түрлері қолданылады:  іскери ойындар, кейстер, жылжымалы сабақтар, таныстыру  экскурсиялар және т.б.; студенттер мен оқытушылар пайдалану үшін – кең салалы кітапхана кабинеттері, деректердің құқықтық базасы және Internet жүйесімен жарақталған  техниканың соңғы үлгісіндегі  компьютерлік сыныптар қызмет көрсетеді.

Студенттердің ғылыми және шығармашылық потенциалын дамыту үшін факультетте студенттердің ғылыми қоғамы мен Студенттердің Өзін-өзі басқару Кеңесі жұмыс істейді, оның базасында көптеген студенттердің қазіргі кезден-ақ ғылыми жарияланымдар жасауына мүмкіндік беретін қалааралық студенттердің ғылыми конференциялары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Факультетте оқыту кредиттік  технология бойынша жүргізіледі. Оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің мақсаты – ҚР білім берудің ұлттық жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялау, халықаралық стандартқа жауап беретін, олардың еңбек нарығындағы сұранысын  арттыратын барлық жерде жарамды болып саналатын диплом  шартын жасау.

«Экономика және есеп» факультетінің студенттері  университеттің қазіргі талапқа сай компьютермен жабдықталған бай кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігіне ие, спортпен шұғылдануына және бос уақыттарын тиімді өткізулеріне барлық жағдай жасалған.  «Экономика және есеп» факультетінде  экономистер мен менеджерлерді сапалы дайындаудың куәсі ретінде мемлекеттік басқару органдары, ғылыми және жоғары оқу орындары тарапынан да,  сол сияқты банктер, қаржылық компаниялар, халықаралық ұйымдар мен фирмалар тарапынан да  сұраныстың  үнемі артуы болып табылады.

«Экономика және есеп» факультеті келесі бағыттарда жоғары білікті мамандар дайындайды:

  • 5B051100 «Маркетинг»
  • 5B090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис»
  • 5B090200 «Туризм»
  • 5B060800 «Экология»
  • 5B051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
  • 5B050700 «Менеджмент»
  • 5B090500 «Әлеуметтік жұмыс»
  • 5B050300 «Психология»
  • 5B020200 «Халықаралық қатынастар»
  • 5B050400 «Журналистика»
  • 5B050100 «Әлеуметтану»
  • 5B050600 «Экономика»
  • 5B050800 «Есеп және аудит»
  • 5B090800 «Бағалау»

Оқу түрлері: күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтықтан оқыту.

Оқыту тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша

Оқу мерзімі:

  • 4 жыл (орта білім базасында күндізгі және кешкі оқу түрлері)
  • 3 жыл (арнаулы орта білім базасында күндізгі және сырттай оқу түрлері)
  • 2 жыл (жоғары білім базасында сырттай және кешкі оқу түрлері)

UIB-ді бітіргеннен кейін жоғары экономикалық білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі (Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Мемлекеттік лицензиясы  серия АА № 0000143 05.02.02 ж.)

 

Мамандарды дайындау ТМД елдері мен алыс шетел жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.

Факультет әкімшілігі

dekan momynova_saule koordinator
Факультет деканы:
Мұхаммедов Әбу Орынбасарұлы,
э.ғ.к., профессор
Факультет деканының орынбасары:
Момынова С.А. ,
э.ғ.к, доцент
Факультет үйлестірушісі:
Сатыбалдиева Раушан Турсынәліқызы

Факультет кафедралары

«Менеджмент» кафедрасы

«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі:: Говорухина Лариса Петровна, э.ғ.к, доцент

Мамандықтар:

  • 5B051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
  • 5B050700 «Менеджмент»
  • 5B090500 «Әлеуметтік жұмыс»

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі: Ержанова Аймкуль Ембергенқызы, ф.ғ.к., ХБУ профессоры

Мамандықтар:

  • 5B050300 «Психология»
  • 5B020200 «Халықаралық қатынастар»
  • 5B050400 «Журналистика»
  • 5B050100 «Әлеуметтану»

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі:: Әжібаева Зоя Нұртілеуқызы, э.ғ.к., ХБУ профессоры

Мамандықтар:

  • 5B050600 «Экономика»
  • 5B050800 «Есеп және аудит»
  • 5B090800 «Бағалау»