Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 519 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 58908 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 163820 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635289 |
Ваш IP: 38.107.179.208
Оқу үдерісін оқытудың несиелік технологиясы бойынша ұйымдастыру
Негізгі ережелері
- Оқытудың несиелік технологиясы пәндердің оқу дәйектілігін студенттің өзінше жоспарлауы мен таңдауы негізінде оқытушы мен білім алушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлік ретіндегі несиені қолдану арқылы жүзеге асырылады.
- Оқытудың несиелік технологиясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу несиемен өлшенетін оқыту материалының көлемі бойынша іске асырылады.
- Оқытудың несиелік технологиясы жинақтау болып табылады, яғни оқытудың барлық деңгейі бойынша бұрын игерілген несиелердің өспелі есебін білдіреді.
- Университет оқу үдерісін оқулық, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша жоспарлар мен әдістемелік құралдар, белсенді таратпа материалдары және өзіндік жұмыс бойынша нұсқаулар, электронды оқулықтар, торлық білім ресурстары сияқты ақпарат көздерімен толық көлемде қамтамасыз етеді.
- Әрбір білім алушы оқудың бүкіл мерзіміне анықтамалық- жолнұсқамен қамтамасыздандырылады.
- Оқытудың несиелік технологиясын қолдана отырып оқу үдерісін ұйымдастырудағы университеттің негізгі міндеттері:
- білім көлемін сәйкестендіру;
- оқытудың толық даралануына жағдай жасау;
- білім алушының өзіндік жұмыс жүргізуінің тиімділігі мен маңызын күшейту;
- білім алушыларды бақылаудың тиімді түрі арқылы олардың шынайы білім жетістіктерін анықтау;
- Бір оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастыру ғылыми кеңес шешімі негізінде университет ректоры бекіткен академиялық күнтізбе бойынша жүргізіледі.
- Оқу жылы академиялық кезеңдер, аралық аттестациялар, демалыстар және практика кезеңдерінен тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестация кезеңі қосылады.
- Бітіруші курстан басқа курс студенттерінің қосымша білім алуы, оқу жоспарындағы айырмалар мен академиялық қарыздарды жоюы, басқа жоо-лармен келісім бойынша оқу пәндерін өтуі мен білім алушының несиелерді игеріп, міндетті түрде оны өз жоо-сында қайта есептету қажеттілігін өтеу үшін 6 аптадан тұратын жаздық семестр енгізілген.
- Оқу сабақтары негізінен белсенді шығармашылық түрде өткізіледі (кейс-стади, іскери ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
- Оқу сабақтары ұйымдастырылады:
- 1) күндізгі оқу бөлімі үшін – сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін бір немесе екі ауысым бойынша;
- 2) кешкі оқу бөлімі үшін - сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін бір ауысым бойынша ;
- 3) сырттай оқу бөлімі үшін- күні бойы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін бос дәрісханалық қордың болуына байланысты;
- Академиялық ағымдар мен топтар белгілі пәнге жазылған білім алушылар санының жеткіліктілігіне байланысты және олардың тиімділік дәрежесіне қарай ұйымдастырылады. Академиялық ағымдар мен топтардың толықтырылуын университет өзі шешеді.
- Оқытудың несиелік технологиясы бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы екі бөліктен тұрады. Оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс (БОӨЖ) және толығымен өзі орындайтын жұмыс (БӨЖ).
- Білім алушының оқу жетістіктері әріп жүйесінің халықаралық тәжірибесіне ( оң бағалар төмендеуіне байланысты «А»-дан «D»-ға дейін, «қанағаттанарлықсыз» – «F») және 4 балдық шкала бойынша сандық эквивалентке сәйкес 100-балдық шкаламен бағаланады.
- Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыруды оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорға бағынатын Тіркеу кеңсесі жүргізеді.
- Оқытушы ағымдық және кезеңдік бақылау түрлерін өткізіп, білім алушының сабақ үлгерімдік (ағымдық және кезеңдік бақылау бағаларының орта есебі) бағасын шығарады. Білім алушының оқу жетістігі әр орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
- Пән бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім бағасы мен қорытынды бақылау бағасын( емтихан бағасы) қамтиды. Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі студенттің пән бағдарламасын игеру дәрежесі бойынша қорытынды бағасының 60% кем емес үлесінен тұрады. Қорытынды бақылау бағасы осы пән бойынша қорытынды бағасының 30%-нан кем болмайды.
- Қорытынды оң баға белгілі пән бойынша бекітілген несиелерді игеру бөлігін толықтыруға негіз бола алады және білім алушының транскриптіне енгізіледі. Қорытынды бақылаудан (емтихан) білім алушы «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
- Қорытынды бақылау бойынша алынған оң бағаны тағы да көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
- Мемлекеттік грант бойынша білім алушы барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған жағдайда ғана степендияға қол жеткізеді. .
- Оқу жылының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін ескере отырып, Тіркеу кеңсесі білім алушының оқу жетістіктері деңгейінің есептелген орта бағасы ретінде үлгерімнің орта балын(GPA) есептеп шығарады.
- Курстан курсқа өту үшін университет курс қимасына( аралығына) аударым балы – білім алушының келесі курсқа өтуіне жол беретін үлгерімнің ең кіші орта балы бекітілген .
- Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, алауда аударым балына қол жеткізе алмаған білім алушыға сабақ үлгерімінің орта балын көтеру мақсатында (GPA) жаздық семестрде ақылы түрде жеке пәндерді ( мемлекеттік емтихан тапсыратын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) қайта оқып, емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
- Оқу жылы қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижесімен қоса аударым балына қол жеткізе алмаған білім алушы қайта оқу курсына қалады.
- Мемлекеттік грант бойынша білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған жағдайда, ол қалған оқу жылдарына мемлекеттік гранттан айырылады.
- Бакалаврді дайындау бойынша студенттің теориялық оқудан кем дегенде 129 несие игеруі, сондай-ақ практикадан кем дегенде 6 несие, диплом жұмысын жазу, дайындау, қорғау үшін кем дегенде 2 несие және мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалып тапсыруға кем дегенде 1 несие игеруі оқу үдерісінің аяқталғанының негізгі белгісі болып табылады.




























