Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 521 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 58910 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 163822 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635291 |
Ваш IP: 38.107.179.209
Студенттерді шығару, қайта қабылдау және ауыстыру тәртібі
- Ауысу немесе қайта қабылдаудың міндетті шарты – бірінші академиялық мерзімдегі оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарының орындалуы мен аралық аттестацияны тапсыру болып табылады
- Егер бакалавриат үшін оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті құрамдағы 5 оқу пәнінен артық болмаса, сол курсқа ауысуға немесе қайта қабылдануға болады.
- Пән айырмашылығын анықтауда қорытынды бақылаудың қандай түрде алынғаны маңызды емес, яғни есептелмейді. Есеп(зачет) білім алушының оқу жетістігін бағалаудағы әріптік жүйенің ең төменгі D (1,0; 50-54 %) –ден ең жоғарғы А (4,0; 95-100 %) аралығына тең болады.
- Тыңдармандардың курстан курсқа ауысуы жаздық семестрдің нәтижелерімен бірге жинаған ауысу балын есептеу арқылы жаздық емтихан сессиясының(аралық аттестация) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады..
- Белгіленген ауысу балын жинаған және академиялық қарызымен келесі курсқа өткен білім грантының иегері грантын жоғалтпайды, ал академиялық қарызын төлемақы негізінде жояды.
- Қайта оқу курсына қалдырылған білім грантының иегері гранттан айырылады және оқуын ақылы негізде жалғастырады.
- Бір жоғары оқу орнынан келесі жоо-ға ауысу төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады: басқа жоо-ға ауысуды қалаған студент ХБУ ректорының атына ауысу туралы өтініш жазады, мөрмен бекітілген ауысу туралы жазбаша келісімді алғаннан кейін, өзінің қалаған жоо-ның жетекшісіне барады. қабылдаушы жоо жетекшісінің атына жазылған ауысу туралы өтінішке келесі құжаттардың көшірмелері тіркелуі тиіс:
- ТБ бастығы қол қойған оқу карточкасының көшірмесі,
- кеңсе тіркеушісінің қолымен және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі,
- ҰБТ немесе кешендік тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі,
- білім гранты иегері куәлігінің көшірмесі( егер болған жағдайда),
- ХБУ ректорының атына жазылған өтініштің көшірмесі(ректордың қолымен және мөр басылған);
- қабылдаушы жоо-ның жетекшілері ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарының міндетті құрамындағы пәндердің айырмасы мен оқу курсын анықтайды; факультет деканының, ТБ бастығының, оқу және әдістеме жұмысы жөніндегі проректордың қойылған визаларына (қойылған қолына) сәйкес жоо-ның жетекшісі студенттің ауысқаны туралы бұйрық шығарады;
- қабылдаушы жоо-ның жетекшісі бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш жұмыс күн ішінде студенттің бұрынғы оқыған жоо-сына жеке іс қағазын жіберу туралы жазбаша сауал жібереді.
- Студенттің бұрын оқыған жоо-сының жетекшісі жазбаша сауал алғаннан кейін «(жоо аты көрсетіледі) ауысуына байланысты шығарылған» деген тұжырымдамамен шығару туралы бұйрық жариялайды және шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күні ішінде студенттің жеке іс қағазын қабылдаушы жоо мекенжайына жібереді. Студент оқыған ХБУ-де оқу карточкасының және транскрипт көшірмесі, есеп кітапшасы, студент билеті және жіберілген құжаттардың тізімі қалады.
- Білім гранты негізінде оқитын студенттің бір жоо-дан екіншіге ауысқан жағдайында, қабылдаушы жоо-ның жетекшісі білім саласындағы өкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкіміне студенттің қабылданғаны туралы бұйрық көшірмесімен бірге, жоо-ларды қаржыландыру көлемін түзету үшін студент атына жазылған білім грантының көшірмесін ұсынады.
- Егер білім гранты негізінде оқитын студент бір жоо-дан екінші жоо-ға бір курс төмен ауысатын болса, онда ол білім грантынан айырылады.
- Квота шегіндегі педагогикалық мамандықтарға және мемлекеттік білім тапсырысы бойынша кейбір жоо-ларға бекітілген мақсатты орындарға түскен студенттер басқа жоо-ға ауысқан жағдайында оның білім гранты сақталмайды
- Ақылы негізде оқитын студенттердің бір жоо-дан екінші жоо-ға ауысуы студент пен қабылдаушы жоо-ның арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
- Жоо-дан шығарылған студент шығарылған мерзіміне байланыссыз оқытудың кез келген түріне, кез келген мамандыққа және кез келген жоо-ға қайта қабылдана алады.
- Ақылы негізде оқитын студент, оқу төлемақысын төлемеген жағдайда оқудан шығарылса, сол қарызды жойған жағдайда , оқудан шығарылған мерзімінен 4 апта ішінде қайтадан оқуға қабылдана алады.
- Студенттер қатарына қайта қабылдану және оқу жұмыс жоспарындағы пәндер айырмашылығын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
- Қайта қабылдану келесі тәртіп негізінде жүзеге асырылады:
- студент ХБУ ректорының атына өзінің оқуын жалғастырғысы келетіні және қайта қабылдау туралы өтінішін жазады. Қайта қабылдану туралы өтінішіне Анықтама (түпнұсқа) тіркеледі.
- ТБ бастығы ұсынылған Анықтама негізінде оқу жұмыс жоспарының пән айырмасы мен оқу курсын анықтайды;
- Факультет деканының, ТБ бастығының, оқу және әдістеме жұмысы жөніндегі проректордың қойылған визаларына сәйкес жоо-ның жетекшісі студенттің қайта қабылданғаны туралы бұйрық шығарады;
- Қайта қабылдану туралы өтініш кезекті академиялық кезең басталғанға дейінгі бес жұмыс күнінен кешікпей берілуі тиіс.
- Егер студент басқа оқу орнына қайта қабылданған болса, онда тыңдарман оқыған бұрынғы жоо-ның жетекшісі қабылдаушы жақтың жазбаша сауалының негізінде тыңдарманның жеке іс қағазын жібереді, өзінде Анықтама көшірмесін, оқу карточкасын, есеп кітапшасын, студенттік билетін және жіберілген құжаттар тізімін қалдырады.
- Жоо жетекшісі қайта қабылдау туралы шешімді оқу сабақтары басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешікпей шығаруы керек.
- Студенттің бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқыту түрінен екінші оқыту түріне ауысуы тек ақылы негізде оқу үшін жүзеге асырылады.
- Студенттің бір мамандықтан және оқыту түрінен басқаға ауысуы UIB ішінде болса, келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізіледі және жоо жетекшісінің бұйрығымен бекітіліп жүзеге асырылады.
- Білім грантында оқитын студентке оқу кезеңінде душар болған сырқат кесірінен осы мамандықта оқуына тиым салынғаны туралы дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы берілсе, ол бір мамандықтан екінші мамандыққа білім гранты бойынша бос орынға ауыстырылады.




























