Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 609 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 58998 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 163910 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635379 |
Жалпы ақпарат
Халықаралық бизнес университеті Қазақстанда алғашқы рет
қашықтықтан оқыту форматын
енгізді.

UIB - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-педагогикалық эксперименті шеңберінде қашықтықтан оқытуды дамыту бойынша жұмыс істеп жүрген азғана ЖОО-лардың бірі. Астана, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент және Өскемен қалаларында қашықтықтан оқытудың аймақтық орталықтары құрылған.
Біздің студенттерге қашықтықтан оқытудың үш технологиясы: кейстік, желілік, ТВ-технология - ұсынылады, бұл контент (оқу материалы) және Алматы қаласындағы оқытушымен тікелей эфирде (шынайы уақыт on-line тәртібіндегі) сабақтардан құралған толыққанды білім жүйесін құрайды. .
Халықаралық бизнес университетіндегі қашықтықтан оқыту келесі мүмкіндіктерді береді:
- Мемлекеттік үлгідегі дипломды негізгі қызметінен қол үзбей және Алматы қаласындағы сессияларға барып қатыспай алу,
- Оқу материалдарымен студентке ыңғайлы уақытта жұмыс істеу (тьютор сыныбында, кеңседе, үйде, кешке немесе демалыс күндері),
- www.mba.uib.kz қашықтықтан оқыту порталы арқылы да, Интернет арқылы да түрлі ақпарат көздеріне қол жеткізу.
Оқытудың интерактив құралдары арқылы оқытушы мен оқушының тиімді өзара әрекеті жүзеге асырылады, ал оқу үдерісі танымдық әрі шығармашылық ынтымақтастыққа айналады.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары айқындалып, еліміздің білім беру жүйесінде келесі үдерістердің ықпалымен ерекше өзектілікке ие болуда:
- Білім беру саласына жаңа талаптар қоятын экономикалық реформалардың жалғасуы;
- Халықтың жаңа білім технологиялары мен жаңа білім мазмұнына қажеттілігінің қалыптасуы;
- Халықаралық байланыстардың, соның ішінде білім саласындағы байланыстардың нығаюына себін тигізетін саяси өзгерістер;
- Білім беру үдерісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың жаңа сапалы техникалық құралдарының пайда болуы және тез дамуы;
- Білім беру қызметтерінің әлемдік нарығында бәсекенің күшеюі тұсында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтардың дамуы;
Қашықтықтан оқытудың негізгі артықшылықтары:
Икемділігі: білім алушылар оқу материалын өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында, ыңғайлы қарқынмен меңгере алады, бұл әсіресе өзінің күнделікті тұрмыс салтын өзгерте алмайтын немесе өзгерткісі келмейтін адамдар үшін өте ыңғайлы.
Экономикалық тиімділігі: Мемлекеттік үлгідегі дипломды негізгі қызметінен қол үзбей және Алматы қаласындағы сессияларға барып қатыспай алу
Қашықтықтан оқытуды дамыту келесі міндеттерді шешуге себін тигізуі тиіс:
- Қоғамның білімділік деңгейінің және білім сапасының көтерілуі;
- Халықтың білім беру қызметінде қажеттіліктерін жүзеге асыру;
- Еліміздің сапалы мамандарға қажеттіліктерін өтеу;
- Халықтың әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығының, оның кәсіпкерлік және әлеуметтік белсенділігінің, сана-сезім деңгейінің өсуі, дүниетанымының кеңеюі.
Халықаралық бизнес университетінің (UIB) қашықтықтан оқыту порталы eLearning Server 3000 өнімінің көмегімен құрылған.





























