Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 611 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59000 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 163912 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635381 |
Қолданылатын оқыту технологиялары
Қашықтықтан оқыту форматы кейстік, желілік және ТВ-технологияларының көмегімен жүзеге асырылады
- Ең көп таралғаны кейстік технология.
- Желілік технологияны қолдану әр білім алушыға оқу материалдарына және басқа да білім ақпарат қорларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқытудағыдай, белгілі бір пәнді жүргізетін оқытушы оқу бағдарламасын дайындайды, сабақ кестесін және тапсырмаларды тапсыру мерзімдерін белгілейді. Бұл материалдар www.mba.uib.kz қашықтықтан оқыту порталында орналастырылады. Оқу материалдарына тіркеліп, курсқа қабылдау кезінде қалыптасатын логин және пароль арқылы қол жеткізуге болады.
- ТВ-технологиялардың қолданылуымен қатысып оқитын дәрісханалық сабақтар өткізіледі. Қазіргі кезде Халықаралық бизнес университеті қашықтықтан оқытудың барлық аймақтық орталықтарын біріктіретін байланыс арнасын қолданады. Шынайы уақыт тәртібіндегі сабақтар бір уақытта Қазақстанның бес қаласында – Астана, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Өскеменде өткізіледі.
Оқу материалдарын оқытушы дәрістердің және практикалық сабақтардың мәтіндерінен және өз бетімен оқу материалдарынан (есептер, off-line (форум) тәртібіндегі талдау сұрақтары, қашықтықтан оқыту порталындағы on-line тестілері, on-line тәртібінде тақырыптарды талқылау және т.б.) электронды түрде қалыптастырады.
![]() |
![]() |
Оқу үдерісінде қолданылатын қашықтықтан оқыту технологиялары ҚР 34.016-2004 «Қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары» мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай келеді.
Қашықтықтан оқытудың мәні білім алу барынша жекелендірілген және негізінен өз бетімен оқуды көздейді. Бүкіл жүйе қатал есеп пен тапсырмалардың орындалуын қатал қадағалаудан тұрады. Студент кең көлемде өз бетімен жұмыс істейді, дәрістерді оқиды, тапсырмаларды орындайды, тестілерді тапсырады. Қашықтықтан оқыту порталында дәрістер мен практикалық сабақтардың материалдары (соның ішінде бейнедәрістер), өз бетімен оқу материалдары (есептер, off-line (форум) тәртібіндегі талдау сұрақтары), on-line тәртібінде тақырыптарды талқылау) орналастырылған.
Әр білімгер қашықтықтан оқытудың дәрістерді электронды түрде оқу ғана еместігін, жеке тапсырмаларды орындау, форумда жұмыс істеу, хаттармен алмасу, оқытушылар және басқа студенттермен онлайндық қарым-қатынастан тұратын тұтас үдеріс екенін түсінуі тиіс. .
Қашықтықтан оқытудың бірыңғай негізі – коммутативтік блок: студенттер тьюторлық сыныптарға онлайн сабақтарға және кеңестерге келеді.
Оқытушының ролі: қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушыға танымдық үдерісті үйлестіру, оқытатын курсты түзеу, оқу жобаларын басқару және т.б. міндеттер жүктеледі. Ол оқу топтарын басқарады, білімгерлерге кәсіби жағынан өз-өзін тануға көмектеседі. Білімгерлер мен оқытушының қашықтықтан оқытудағы асинхронды өзара әрекеті интернет арқылы хат жазу арқылы ақпарат алмасудан тұрады. Бұл түскен ақпаратты талдап, оған студенттердің өзіне ыңғайлы уақытта жауап беруіне мүмкіндік береді.
Білім сапасын бақылау: бақылау түрі ретінде шынайы уақыт тәртібінде ұйымдастырылған емтихандар, сұхбаттар, практикалық, курстық, жобалық жұмыстар қолданылады. Қашықтықтан оқытудың сапасын бақылау, оның білім беру стандарттарына сәйкестігі проблемасын шешу қашықтықтан оқытуды одан әрі дамытуда маңызды роль атқарады.
Оқыту технологиялары мен құралдарын пайдалану: қашықтықтан оқыту технологиясы – бұл студенттердің өз бетімен, бірақ бақылау негізінде білім меңгеруі барысында оқытушылармен өзара әрекетінің әдістері, түрлері және құралдарының жиынтығы. Оқыту технологиясы еліміздегі қолданыстағы білім беру стандарттарының талаптарына сай болуы тиіс.






























