• Russian (CIS)
  • Kazakh (CIS)
  • English (United Kingdom)
Яндекс.Погода

Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня622
mod_vvisit_counterВчера10415
mod_vvisit_counterНа этой неделе59011
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе69608
mod_vvisit_counterЗа этот месяц163923
mod_vvisit_counterЗа прошлый месяц262557
mod_vvisit_counterВсего6635392

Ваш IP: 38.107.179.209

Талапкерге


ПЛАН НАБОРА В ДОКТОРАНТУРУ PhD ФАКУЛЬТЕТА ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ НА 2011-2012 УЧ.Г.



ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетінің (ЖОО-нан кейін КББФ) PhD докторантурасы

Халықаралық Бизнес Университеті Сіздерді ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетінің PhD докторантурасында келесі мамандықтар бойынша  PhD докторы дәрежесін алуға шақырады:

  • 6D050600 Экономика,
  • 6D050700 Менеджмент,
  • 6D050900 Қаржы.

PhD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУДІҢ ТИПТІК ЕРЕЖЕСІ

Білім берудің үш деңгейлі жүйесіне түсу жағдайында PhD докторлық дәрежесі – таңдап алынған бағыттары бойынша жүргізген бірегей ғылыми-зерттеу жобалары үшін ізденушіге берілетін ең жоғары ғылыми дәреже.  

PhD философия докторларының кәсіби қызметі  ғылыми және оқытушылық қызметпен бірге, бизнес және мемлекеттік қызмет жұмысымен де байланысты.  

PhD докторантураға  

  • ·    магистр дәрежесі,
  • ·    ғылым кандидаты дәрежесі

бар тұлғалар қабылданады.

Білім алу мерзімі 3 жыл.

PhD докторантура білім беру бағдарламасын толық орындаған және   докторлық  диссертацияны табысты қорғаған  тұлғаларға тиісті бағыт бойынша белгіленген үлгідегі «(PhD) философия докторы» дипломы және оқу жоспарына сәйкес  академиялық анықтама (транскрипт)  беріледі.

PhD философия докторларын дайындау шетелдік ЖОО – серіктестерден ғалымдарды тарту арқылы жоғары халықаралық деңгейде жүргізіледі.  

PhD докторантура білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда ХБУ-дың стратегиялық серіктестері болып табылатындар:

  • Болон университеті (Италия),
  • Лунд университеті (Швеция),
  • Қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия),
  • Копенгаген Бизнес Мектебі (Дания),
  • Карлов университеті (Чехия),
  • Кеннеди Батыс  университеті (США),
  • Рига халықаралық жоғары экономика және  бизнес мектебі (Латвия),
  • Менеджмент және ақпараттық жүйелер институты (Латвия),
  • «МИРБИС» Мәскеу халықаралық бизнес жоғары мектебі» МИРБИС Институты,
  • Вильнюс университетінің халықаралық бизнес мектебі (Литва),
  • Леон Козминский атындағы кәсіпкерлік және менеджмент Академиясы (Польша),
  • Дрезден техникалық университеті (Германия),
  • Я.А. Коменский атындағы Прага университеті (Чехия),
  • Szent Istva University (Венгрия),
  • ҚР БҒМ экономика Институты.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

 

  1. құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 15 маусымынан басталып, 30 шілдеде аяқталады
  2. магистратураға қабылдау емтихандары ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 20 тамызға дейін жүргізіледі
  3. PhD докторантураға қабылдауды Қабылдау комиссиясы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізеді.

Қабылдау емтихандары:

  • Шет тілі (ағылшын,  француз, неміс) базалық ЖОО-да тест түрінде өткізіледі  (ұқсас тестерді ҚР БжҒМ сайтынан табуға болады немесе  UIB-дің ЖОО-нан кейінгі кәсіби білім беру деканатына хабарласуға болады)
  • Мамандану пәні  (таңдалған даярлық бағыты бойынша) ЖОО-ның жетекші ғалым-экономистері қатарынан алынған  UIB-дің пәндік қабылдау комиссиясымен өткізіледі.

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ҮШІН МІНДЕТТІ ЖАРНАНЫ ТӨЛЕУ  РЕКВИЗИТТЕРІ

Түсу кезінде қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұйым жетекшісінің атына өтініш;
  2. магистр, ғылым кандидаты дипломы,  магистр дипломына қосымша (түпнұсқа және көшірме);
  3. кадрлар есебінің жеке парағы және бар болған жағдайда еңбек кітапшасының нотариуспен куәландырылған көшірмесі;
  4. 3,5x4,5 көлемдегі алты  фотосурет;
  5. 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама;
  6. жеке куәлік көшірмесі;
  7. СТН (көшірмесі);
  8. жұмыс орнынан анықтама;
  9. әскери тіркелу куәлігінің көшірмесі (жас жігіттер үшін).