Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 655 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59044 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 163956 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635425 |
PhD докторанттарының пікірлері
Мен ЖОО-нан кейін кәсіби білім беретін факультеттің магистратурасын Ақтөбе қаласында ҚО «Қаржы» мамандығы бойынша бітірдім, оқытушы болып жұмыс істеймін және қазіргі кезде PhD докторанты болып табыламын («Қаржы» мамандығы бойынша 3 жылдық оқу).
UIB-ді мен текке таңдаған жоқпын, ЖОО-нан кейін кәсіби білім беретін факультетінде PhD докторанттарын дайындау әдістемесі қазіргі әлеуметтік-экономикалық талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді, ал түлектер, меніңше, ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру жүйесінде барынша дайындықтан өтеді және республика экономикасының барлық саласында сұранысқа ие. Бакалавр-магистрлерді және PhD докторларын дайындаудың халықаралық үлгісіне көшу білім мен біліктілікке талапты күшейтеді, педагогтар мен мен олардың оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін талап етеді. Сондықтан да мен аталған бағдарлама бойынша сабақ беретін профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары кәсіби деңгейін ерекше ризашылықпен атап өткім келеді, әсіресе М.Х.Тусеева, Д.А.Шыныбеков, В.Д.Лиді бөліп атағым келеді. Бұл ғалым-оқытушылар білім беру процесінде PhD докторанттарының теориялық және практикалық білім деңгейлерін мақсатты түрде және рет-ретімен арттырып отырды.
PhD докторлық бағдарламасы бойынша мен Ескілікті батыс ЖОО – Болон Университетінде (Италия) PhD докторы, профессор Массимо Бьянки жетекшілігімен сынақнамадан өттім, осының өзі-ақ UIB-дің имиджін көрсетіп тұр.
Біздің деканымыз Демеуова Гүлнар Тлеужанқызына, оның жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне, сол сияқты үнемі қамқорлығы мен қолдау көрсеткені үшін арнайы алғысымды айтқым келеді.
UIB ұжымына табыс пен барлық бағдарлама бойынша үздік студенттер тілеймін!!!
PhD докторанты - Лыгина Ольга Ивановна
(Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы).
PhD докторантурада өткізген үш жыл мен үшін жаңа үміт пен жаңа білімнің, жетістіктің арқауы болды. PhD докторантурадағы оқу біздерге, докторанттарға мансаптық өсуімізге және кез келген іскери жағдаятта өзіңді еркін және нық сезінуге қол жеткізуге қажетті білім мен дағдыны алуға мүмкіндік берді. Бізді жоғары білікті мамандар ретінде дайындауда академиялық пен практикалық бағытты біріктіре білген барлық ғалым-оқытушыларға алғыс айтамыз және қазір баға жетпейтін білімнің ғылыми капиталына үлкен рахмет. Сіздерге рахмет және өркендей беріңіздер !!!.
PhD докторанты - Ким Людмила Николаевна - М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы




























