Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 689 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59078 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 163990 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635459 |
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Объявление
Уважаемые магистранты ФППО!
Германская Служба Академических Обменов (DAAD) приглашает Вас в вузы Германии на подготовку двойного диплома!
Postgraduate Courses Application Deadlines for Intake 2012
Екі университеттің қос дипломын алу Бағдарламасына шақырамыз: UIB және ISMA (Латвия)
UIB Латвия технологиялар менеджмент Институтымен бірге (ISMA) «Менеджмент» мамандығының 2 курс магистранттарын қос дипломын алу Бағдарламасына қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Қос диплом Бағдарламасы бойынша оқуды табысты аяқтаған магистранттар екі университеттің дипломын алады: UIB - «Менеджмент» мамандығы бойынша және ISMA – «Кәсіпкерлік қызметке жетекшілік» мамандығы бойынша.
Орыс және ағылшын тіліндегі топтары жинақталуда.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін
ТАЛАПТАР:
- Ағылшын тілінде оқитын топтар үшін ағылшын тілін білу (upper intermediate деңгейінде);
- Жақсы үлгерім (GPA 2,0-ден төмен болмауы тиіс);
- Оқу құны – білім алудың барлық мерзіміне 1750 Евро;
- Рига университетіне бару 3 семестрде жүргізіледі (15 оқу аптасы), содан кейін 4 семестрде Қазақстанда өндірістік практикадан өту жүргізіледі;
- МАК және магистерлік диссертацияны қорғау UIB-де өткізіледі (МАК құрамы UIB және ISMA екі жақтан тұрады).
БАҒДАРЛАМАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР:
- UIB магистратурасында оқығаны жөнінде 1 курстағы транскрипт;
- ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетінің деканы, доцент Г.Т. Демеуованың атына өтініш;
- TOEFL/IELTS сертификаты (бар болған жағдайда). Сертификат жоқ болған жағдайда студенттер тілдік тест тапсырады.
Нақты ақпаратты ЖОО-нан кейін КББФ деканатынан алуға болады, тел.: 272-80-65.
Магистранттар мен UIB магистратурасының түлектері үшін алмасу бағдарламасы
Халықаралық бизнес университеті (Алматы, Қазақстан) Жоғары Коммерциялық Мектебімен халықаралық ынтымақтастық аясында (Клермон-Феррана, Франция) ынтымақтастық жасау жөнінде келісімге қол қойды:
ЖКМ Менеджмент магистратурасы (Жоғары Коммерциялық Мектебі) Клермон, Франция және Халықаралық бизнес университеті Алматы, Қазақстан, аталған екі университеттер арасында жақсы қарым-қатынас орнату және білім, зерттеу саласында академиялық және мәдени алмасуларды дамыту мақсатында және басқа да қызмет салаларында жоғары білімді интернационалдандыру үшін ынтымақтастық жасауға келісті.
Ынтымақтастық саласы екі институттың біреуі ұсынатын, бұл мекемелер арасындағы бірлескен қатынастарды дамыту және нығайту үшін мүмкін болатын әрі орындалатын кез келген бағдарламаны қамтитын болады. Алайда, кез келген арнайы бағдарлама өзара келісілген, қажетті құралдардың болу жағдайында әрбір серіктеспен мақұлдаған болуы керек.
Ондай бағдарламалар қамтуы мүмкін:
- Студенттер алмасуы
- Оқытушылар алмасуы
- Бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары
- Бірлескен мәдени бағдарламалар
Ондай өзара көмек және ынтымақтастықтың мерзімі екі жақтың жауапты тұлғаларының жазбаша түрде нақты бағдарлама немесе қызмет түрін инициирлеуге дейін талқыланып және келісілуі тиіс.
- Алмасу бойынша Студенттер саны: Әр институт жалпы есеппен төрт студенттік бірлікпен алмасуға келіседі (мұнда әр бірлік академиялық семестр көлемінде қатысатын бір студенттік алмасуды білдіреді), жыл сайын академиялық кезең ішінде бір семестрден бір оқу жылына дейін алмасуды білдіреді. Студенттік бірліктің жалпы балансы Келісім өз күшінде болған кезеңде қол жеткізіледі деп күтіледі.
- Студенттерді іріктеу: Отандық институтта тек оқу үлгерімі жақсы студенттер ғана іріктеліп алынады. Қабылдаушы институт алмасу бойынша студенттерді қабылдауға байланысты қорытынды мақұлдауды резервке қою құқығында болады.
- Кредит трансферті: Отандық институт студенттердің жинаған кредиттерінің қабылдаушы жақта есепке алынатыны, отандық институтта студенттердің академиялық есептеріне қосу үшін тапсырылатыны жөнінде сұрақты қарап және шешуі тиіс.
- Қаржыландыру міндеттемесі: Алмасу бойынша студенттер күндізгі бөлімнің студенті ретінде тіркеліп қалуы тиіс, отандық институтта стандартты оқу ақысын төлейді. Олар қабылдаушы институтта оқу ақысын төлемейді. Бірақ күнкөріс, саяхат, тұратын жері, сақтандыру және басқа да кездейсоқ шығындарды өз мойнына алады.
- Тұратын жері: Қабылдаушы институт студенттерге лайықты тұратын жер табуға көмек көрсететін болады.
- Иммиграциялық сұрақтар: Әр институт іс жүзіндегі құқыққа сәйкес виза алу үшін тиісті құжаттарды шығаруы тиіс, алайда бұл әр студенттің тиісті визаны мерзімінде алуына жеке жауапкершілігі болып табылады.
- Сақтандыру: Алмасу бойынша студенттер қабылдаушы институт елінде болған кезде аурудан және кездейсоқ жағдайлардан өз жеке сақтандыруын жасауы тиіс.
- Студенттердің міндеттері мен құқықтары: Алмасу бойынша студенттер қабылдаушы институттың ережелері мен нұсқауларына бағынуы міндетті. Олар қабылдаушы институттың негізінен күндізгі бөлім студенттері үшін қолжетімді академиялық ресурстың және қолдау қызметінің басым көпшілігін қолдану құқығына ие.
- Келудегі шаралар: Қабылдаушы елге келгенде қабылдаушы институт алмасу бойынша студенттерге қабылдаушы елде және қабылдаушы институттағы бағыт-бағдарды береді.
- Келісімнің орындалу кезеңі: Аталған келісім екі жақты қолдаумен орындалады және үш жыл көлемінде өз күшінде қалады. Ол кез келген жақтың бір жыл бұрын қатынас қағаз жіберуі арқылы аяқталуы мүмкін, сондай-ақ ол өзара келісімге сәйкес, өзара түсінушілік туралы жазбаша меморандумға сәйкес кеңейтілуі мүмкін. Келісімнің кез келген жағдайда тоқтатылуы, орындалу процесі кезіндегі міндеттерден тыс болады.
- Бағдарламаны жүргізу: ЖКМ Менеджмент магистратурасының Клермон, халықаралық даму офисі және Халықаралық бизнес университетінің халықаралық бөлімі аталған алмасу бағдарламасын жүргізуге жауапты болады, академиялық сұрақтарға ЖКМ Менеджмент магистратурасының Бизнес факультеті, Клермон және Халықаралық бизнес университеті тікелей жауапты болады.
Жоғары Коммерциялық Мектебінің (Клермон-Феррана, Франция) сайты www.esc-clermont.fr
Қосымша ақпарат үшін ЖОО-нан кейін КББФ деканатына, 325 кабинетке хабарласуға болады, тел.: 272-80-65- декан Демеуова Гүлнара Тлеужанқызы.




























