• Russian (CIS)
  • Kazakh (CIS)
  • English (United Kingdom)
Яндекс.Погода

Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня699
mod_vvisit_counterВчера10415
mod_vvisit_counterНа этой неделе59088
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе69608
mod_vvisit_counterЗа этот месяц164000
mod_vvisit_counterЗа прошлый месяц262557
mod_vvisit_counterВсего6635469

Ваш IP: 38.107.179.207

МАГИСТРАТУРАНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ


Халықаралық бизнес Университетіне,  Президент К.А.Сагадиевқа, Ректора Г.Н.Гамарникке «Қаржы» мамандығы бойынша мемлекеттік грант бойынша білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді.  

Мен екі рет  UIB-ді таңдадым,  бакалавриатқа түсіп білім алдым және  магистратурада оқыдым және бұл дұрыс таңдау деп есептеймін.

Оқытушылардың жоғары кәсіби деңгейлеріне, оқу процесінің жақсы ұйымдастырылуына орай мен Қаржы мамандығы бойынша терең білім алдым және соған байланысты бұл дағды қаржыгерлер мен банкирлердің арасында жұмысқа төселуіме  әсер етті.   

ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетінің деканатына және барша профессорлық-оқытушылық құрамға жаңаша үлгідегі магистрлерді дайындауда және кәсіби дағдыны жетілдіруде  табыс тілеймін!

Құрметпен Драгун Наталья - ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетінің түлегі,

"СНГ Риск Консалтант Компании (страховые брокеры) ЖШС-нің қайта сақтандыру бөлімінің менеджері


Мен ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетіне  2007 жылы түстім, «Экономика» мамандығына құжаттарымды тапсырған кезде мен мемлекеттік грантқа өтініш жаздым, өзім Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығын қызыл дипломмен  бітірдім, мен мемлекеттік грантты жеңіп алып және екі жыл бойында терең білім алып шықтым, ол менің жұмысыма көп көмегін тигізді.   
UIB берген білімге мен үлкен алғысымды айтамын.

Халықаралық бизнес Университетінің ұжымына және әсіресе ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетінің деканатына, декан Демеуова Гүлнар Тлеужанқызына, оның күн сайынғы магистранттармен жүргізген қажырлы еңбегіне рақмет айтамын. Мен бәріңізге осы ЖОО-ны  және ары қарай өсу, өркендеу үшін осы магистратураны таңдауды ұсынамын!   

Абдрахманова Асем – ЖОО-нан кейін кәсіби білім беру факультетінің түлегі,
Каспий-банктің несиелендіру бөлімінің менеджері


Маған магистратураның бағдарламалары бойынша және әсіресе «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша терең де жан-жақты білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдау өте қиын болды. Мен толыққанды  лайықты білім алу үшін және өзімді маман ретінде көрсету үшін UIB-ді таңдадым, мен аталған бағыт бойынша жас мамандармен бәсекеге түсе аламын деп есептеймін.

Халықаралық бизнес Университетінің оқытушыларына және қызметкерлеріне берген терең білімдері үшін  рақмет! Жұмыстарыңызға табыс, өркендеу және сәттілік тілеймін!

Николаенко Евгении Николаевна  - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс магистранты   ,
«Банк Центр Кредит» АҚ   (Қаржы Департаментінің қаржыландыруды жоспарлау Басқармасының қаржыландыруды жоспарлауды қолдау Бөлімінің жетекші маманы)

 


Мен  Шымкентте тудым, сол жерде тұрамын,  қазіргі кезде    ЮжГосЭкспертиза ДГП-да жұмыс жасаймын.

Білім алуға жағдай жасағандарыңызға рақмет. Өте ыңғайлы. Мен үшін оқу өте қызықты. Ыңғайлы тестер, бай кітапхана. Менің ойымша, қашықтықтан оқытудың нақты ыңғайлылығы мынада: жұмыс уақытын үнемдейміз, сол сияқты оқу барысында және жалпы дамуға қажетті әдістемелік материалдардың және кітапханаға қолжетімділіктің болуы.    

Оқу ақысын төлеудің ыңғайлы жүйесі – үлкен соманы бірден төлеудің қажеті жоқ, қажетті пәнге ғана ақы төлеуге болады.  

Халықаралық бизнес Университетінің ұжымына және әсіресе Орынша Кенжебекқызына  барлық ұйымдастырушылық сұрақтарды тез арада шешіп беретініне үлкен алғысымды айтамын!    
Құрметті талапкерлер, егер Сіздер әлі ойланып жүрген болсаңыздар,  UIB-де жоғары білім алу – өте ыңғайлы әрі қолжетімді!

Болашақ студенттерге менің тілегім? Бізге оқуға келіңіздер! Сіздерге барлық оқу процесі ұнайтын болады, ал алған білімдеріңіз өмірдің көптеген аспектілерінде керек болады.

Үлкен рақмет!

Құрметпен,
Яхияев Габит - ЮжГосЭкспертиза ДГП-нің жүйелілік әкімгері.


Құрметті Халықаралық бизнес Университетінің   Президенті К.А.Сагадиев  және UIB Президенті   Е.К.Сагадиев !

«Қаржы» мамандығы бойынша атаулы грант бойынша білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді.  Оқытушылардың жоғары кәсіби деңгейлеріне, оқу процесінің жақсы ұйымдастырылуына орай мен Қаржы мамандығы бойынша терең білім алдым және соған байланысты бұл дағды қаржыгерлер арасында  кәсіби дағдымды арттыруға әсер еттіжәне алған білімімді практика жүзінде қолдануға мүмкіндік алдым.    

Халықаралық бизнес Университеті болашақта қазақстандық және халықаралық білім көшбасшысы болады деп сенемін, ал маған берілген грант арқылы  кәсіби қызметімде өз ұмтылысымды тез және оңай жүзеге асыра аламын.

Сіздердің осындай қиын да қызықты еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық тілеймін, Сіздердің алға қойған барлық армандарыңыз орындала берсін! Сөнбейтін оттарыңыз бен махабаттарыңыз сіздердің өмір жолдарыңызға серік болсын!  

Құрметпен  Дюсегалиева С. Б. Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Ресей халықаралық университетінің экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, «Қаржы» мамандығының магистранты.


Мен, Жалбасова Айнура, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша ХБУ-дың  магистратурасын 2009 жылы  аяқтадым. Ол кезде мен  СНПС «Актобемунайгазда» сынақнамадан өтіп жүргенмін және маған дәл осы кезде жұмысқа магистр дипломы қажет болды.   Халықаралық бизнес Университетінің оқытушыларына және барша профессорлық-оқытушылық құрамға on – line режимінде қолжетімді терең де жан-жақты білім бергендіріне және  ризашылық білдіремін.

ХБУ дипломымен мен қазір  мұнай компаниясының ПТОжәнеК Департаментінде экономист болып жұмыс істеймін және лауазымдық сатымен көтеріліп келемін.

Жалбасова А.  – ПТОжәнеК Департаментінде экономисі. СНПС «Актобемунайгаз»


Халықаралық бизнес Университетіне,  Президент К.А.Сагадиевқа, Ректора Г.Н.Гамарникке «Экономист» мамандығы бойынша магистратурада атаулы грант бойынша білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді.  

Экономика магистрі бойынша алған білім маған таңдап алған мамандық бойынша өз біліктілігімді арттыруға,  сондай-ақ лауазымдық сатымен көтерілуге  көмек етеді. Қазіргі кезде мен «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясында бухгалтер болып жұмыс істеймін,  болашақта компанияның экономикалық департаментінде қаржылық сарапшы  лауазымында жұмыс істеу ойымда бар. Сол үшін де маған Экономика магистрі мамандығы өте қажет болады. Маған берілген грантқа орай мен кәсіби қызметте өз ұмтылысымды жүзеге асыра аламын. Менің лауазымдық өсуіме көмек бергендеріңіз үшін алғыс айтамын!   

Құрметпен,
Халықаралық бизнес Университетінің магистрант Туксикова Дана – «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясының бухгалтері


Адам баласына үлкен бақыт – өзін күшті сезіну. Әрине, біз бұл жерде физикалық күштілікті айтып отырған жоқпыз, біз рухани күшті айтамыз. Ғылым мен  философияның ұлы реформаторлары – Ньютон, Паскаль, Спенсер, Дарвин – физикалық тұрғыдан әлсіз адамдар болған. Қоғам қайраткерлері арасында да ондайлар болған емес. Барлық мәселе рухани күште. Рухани күшсіз білім күші де болмайды. Ал білімсіз қазіргі кезде рух та әлсіз болады.   Білімді адамның терең, нақты, жан-жақты, негізделген, пікірлерді тоғыстыратын білімінсіз, ол да жетпейді.  

Бәрінен бұрын өз пікіріңді қорғай білуің керек. Өз пікіріңді дәлелдей алмасаң, қорғай алмасаң немесе өмірде пайдалана алмасаң, оның мәні де болмайды. Біз бәріміз білімді жарқыраған күш деп есептесек, оны қоғамдық өмірде дұрыс қолдана білуіміз қажет болады.    

Біздің ғасырымыз – білімді игеру арқылы адам баласы жинақтаған мәдени және рухани құндылықтарды игеру жолы.   

Уақыттан қалмау үшін, жастар көп оқуы және көп білуі тиіс. Олар мұны түсінеді: олар оқиды. Мектепте, колледжде, институтта, университетте, магистратурада, аспирантурада, академияда оқиды, бір-бірінен үйренеді, өздерінің және бөтен адамдардың қателіктерінде үйренеді.   
Білімді адам – қисынды түрде ойлай алатын, белгілі бір интеллект деңгейіндегі, өз білімін жетілдіре алатын, білім саласында өзінің жетіспейтін жақтарын қалыпқа келтіретін және өзінің даму деңгейін көтере алатын тұлға.   

Білім дамығын, білімді адамдар қоғамының қажеттілігін жүзеге асыру үшін қажет. Ол арнай оқу орындарында оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Осындай оқу орындарының бірі Алматыдағы Халықаралық бизнес университеті, бұл жерде мен оқып, менеджмент магистрі дипломын алдым. Университетте  профессорлық-оқытушылық құрам терең білім береді. Атап айтқанда,  Шымкент қаласы бойынша ҚОАО оқу орталығының үйлестірушісі Казыбаева Орынша Кенжебекқызына, өзімнің магистрлік жұмысымның жетекшісі  Исентаева Гүлмира Қожаниязқызына, Залученова Ольга Михайловнаға, Байтанаева Бахыт Амантайқызына, Абуева Нұрбану Әділбекқызына, Никулина Раиса Викторовнаға үлкен алғысымды айтқым келеді. ЖОО-да алған біліммен мен өз жұмысымда жоғары нәтижелерге жете алдым, еңбек өтілімнің аздығына қарамастан, банк бөлімшесінің қатардағы қызметкерінен филиалдың бас маманына дейін көтерілдім.  

Меруерт Тушжанова –менеджмент магистрі,
Шымкент қаласы  «Альянс Банк» АҚ филиалының бас маманы