Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 713 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59102 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 164014 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635483 |
ІӘМ бағдарламасы туралы жалпы ақпарат
![]() |
ІӘМ бағдарламасы және қашықтықтан оқыту департаменті директорының сәлемдемесі ІӘМ дәрежесін алу - бұл менеджер мансабы үшін маңызды және оң кезең. ІӘМ біліктілік дәрежесінің танымалдығының арқасында осы атақ иесінің еңбекақысы елеулі өсіп, ол биік мансапқа тезірек жетуі мүмкін. Сонымен қатар ІӘМ бағдарламасы – өмірге бағдарланған білім, оның басты міндеті – тыңдарманның кәсіби біліктілігін көтеру. Нәтижесінде ІӘМ бағдарламасы бойынша білім алған маман бұрынғыдан дұрысырақ басқару шешімдерін қабылдайтын болады, демек, оның жұмысының тиімділігі және оның басқаруымен жүргізілетін бизнестің тиімділігі де артады. Құрметпен, ІӘМ және ҚО бағдарламасының директоры
Дадабаева Дарьдана Маратқызы
|
![]() |
ІӘМ бағдарламасы деканының сәлемдемесі Бизнес-білім – бұл, ең алдымен, жеке тұлғаның немесе ұйымның биік мансапқа, кәсіпкерлік табысқа жету жолы. Егер басқа мамандықтар бойынша білім негізінен ғылымға бағдарланған болса, (бұл белгілі бір дәрежеде мемлекеттік стандарттарда немесе басқадай «бірыңғай талаптарда» көрініс табады), бизнес-білім үшін ең бастысы – бұл икемділік белгілі бір мүдделі топтардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына бейімделу, ол нарық экономикасында өз стратегиясын өзгертіп отыратын корпорация немесе жаңа өмір құрып, биік мансапқа жетпек ойы бар адам болуы мүмкін. Құрметпен, ІӘМ бағдарламасының деканы
Соколовская Наталья Геннадьевна
|
MASTER OF BUSINESS ADMINISTRATION (ІӘМ) – бұл жоғары білімі мен тәжірибесі бар адамдарға бизнес жүргізу саласында тереңдетілген білім алуға мүмкіндік беріп, басқару дағдыларын қалыптастыратын жаңа үлгідегі менеджерлерді даярлау бағдарламасы. Бағдарлама теориялық және практикалық сабақтардың нәтижесінде жоғары буын басшыларын дайындауды көздейді.
ІӘМ бағдарламасы бойынша оқыту бизнеске жүйелі тұрғыдан жаңа көзқарас қалыптастырады, іскери ойларды жүзеге асыруда жеке шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
ІӘМ бағдарламасы бойынша сабақтарды жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады – оқытушылардың көпшілігі ірі компаниялардың кеңесшілері мен сарапшылары болып табылады.
ІӘМ бағдарламасы:
- Көшбасшы боламын деушілерге
- Біліктілігін жетілдіремін,
- кәсіби дағдыларын көтеремін деушілерге әрқашан ашық
ІӘМ бағдарламасы бойынша алынған білімдер Сіздерге:
- өз біліміне сенімділікті
- кәсіби өсуді
- кәсіби әріптестер ортасын
- беделді қызмет алу мүмкіндігін
- кәсіби жұмыста өз дағдыларын іс жүзінде қолдануды
- кәсіби беделді
- тек жергілікті ғана емес, халықаралық нарықта да жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді
БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ
Кешкі, қашықтықтан және күндізгі-қашықтықтан оқыту форматы бойынша ІӘМ бағдарламасы жоғары білімі бар барлық тұлғалар үшін ашық. Оқуға түсушілердің таңдаған мамандығы немесе барабар мамандық бойынша кемінде екі жылдық еңбек өтілі болуы тиіс.
Оқуға түсушілер мыналарды атқаруы тиіс:
- ХБУ ІӘМ бағдарламасының кеңсесінде алуға болатын өтінішті толтыру;
- Жоғары білімі туралы дипломның (дипломдардың) нотариуспен куәландырылған көшірмелерін қосымшаларымен тапсыру;
- Куәліктің көшірмесін табыс ету;
- Еңбек кітапшасының көшірмесін немесе жұмыс орнынан анықтаманы табыс ету;
- 1 ұсынымхатты (жазылу мерзімі бір жылдан аспаған) табыс ету;
- 3х4 форматында 2 фото тапсыру;
- Қайта өтелмейтін тіркеу жарнасын төлеу.
Тыңдарман тіркеу кестесін сақтап, барлық тіркеу құжаттары мен өтініш формасын ІӘМ бағдарламасының кеңсесіне уақытында табыс етіп отыруы тиіс.
Тіркеліп, құжаттарды толтыру үшін Сіз мәліметті Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек электронды поштасы арқылы ІӘМ бағдарламасының кеңсесінен сұрай аласыздар.
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ОҚУ ТӨЛЕМАҚЫСЫ
Әр семестр сайын тыңдарман курстарға тіркелуі тиіс. Оқу төлемақысын нақтылай төлеу кезінде мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
1-қадам
Баспа әріптерімен тіркелу парағын толтыру, оны 135-кабинеттен алып толтыруға болады.
2-қадам
- Толтырылған парақты ІӘМ бағдарламасының үйлестірушісіне тапсыру.
- ЦентрКредит Банкісіне оқыту төлемақысын төлеу.
- Банкте төлемақыны жүзеге асыруға барғанда тыңдарманның өзімен бірге штрих-коды мен қызметтің штрих-коды (ІӘМ бағдарламасының деканатында алынған), жеке куәлігі және СТН-ы болуы тиіс.
Төлемақы көлемі
ІӘМ бағдарламасы бойынша Төлемақы көлемі оқу жылы басталар алдында белгіленіп, тіркеу парағында көрсетіледі.
Нақты ақшасыз төлемақы (Халықаралық бизнес университетінің реквизиттері):
Мекенжайы: 050010, Алматы қ, Абая 8 А даңғ.
СТН 600200014685
Резидент: 1 экономика секторы:7
ИИК KZ498560000000492744
"Банк ЦентрКредит" АҚ АГФ
БИК KCJBKZKX
Төлемақы жеңілдіктері
Төлемақы туралы ережеге сай ІӘМ бағдарламасында оқу төлемақысына берілетін жеңілдіктер жүйесі қолданылады. Жеңілдіктер жүйесі тіркеу парағында көрсетілген, мұнда тыңдарман көздейтін тек бір ғана жеңілдік түрін белгілеу керек.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР
Бағалар жүйесі
Халықаралық бизнес университетіндегі ІӘМ бағдарламасында бағалар әріп нұсқасында қойылады. Сонымен қатар төменде сипатталған жүйеге сай, орташа балл (GPA) есептелініп, дипломның қосымшасына қойылады.
| БАҒА | БАЛДАР | БАҒА | БАЛДАР | |||||||||||
| A | Ең жоғары баға | 4.0 | C- | қанағаттандырарлық | 1.7 | |||||||||
| A- | Үздік | 3.7 | D+ | Құлау | 1.3 | |||||||||
| B+ | Өте жақсы | 3.3 | D | Құлау | 1.0 | |||||||||
| B | жақсы |
3.0 | D- | Құлау | 0.7 | |||||||||
| B- | жақсы | 2.7 | F | Құлау | 0.0 | |||||||||
| C+ | қанағаттандырарлық | 2.3 | W | Курстан бас тарту | 0.0 | |||||||||
| C | қанағаттандырарлық | 2.0 | I | Аяқтамау | 0.0 | |||||||||
Студенттің орташа балын анықтау әдісі GPA немесе орташа өлшенген баға әдісі деп аталады. GPA 0.00-ден 4.00-ге дейін өзгереді. Бұл орташа балл мынадай жолмен есептелінеді.
1. Бір несие шамамен аптасына бір сағат сабаққа сай келеді, мысалы, егер біз курс үш несиеден тұрады десек, бұл курс апта сайын үш сағаттан жүреді деген сөз.
2. Әр баға 12-балдық жүйеге негізделген жоғарыда көрсетілген орташа балға сай келеді ( W және I GPA-де саналмайды).
Мысалы: үш несиеден құралған В бағасы бар курс 9 орташа балмен бағаланады (несиелер санын балға көбейтсек, осы курс бойынша жалпы балл шығады).
Студенттің барлық пәндер бойынша орташа балын есептеп шығару үшін, осы үдерісті әр курс бойынша жүргізіп, жалпы балды несиелердің жалпы санына бөлу қажет.
Үлгі:
| Бухесеп | 3 несие | 2 балға (С) = 6 балл | ||||
| Маркетинг | 3 несие | 3 балға (В) көбейту = 9 балл | ||||
| Менеджмент | 3 несие | 3 балға (В) көбейту = 9 балл | ||||
| Корпоративтік қаржы | 3 несие | 4 балға (А) көбейту = 12 балл | ||||
| Іскери заңнама | 3 несие | 4 балға (А) көбейту = 12 балл | ||||
| Барлығы | 15 несие | 48 балл |
48 балды 15 несиеге бөлеміз. Қорытынды GPA балы = 3.20
Аяқталмаған курс. "I" бағасы курс талаптарын толық орындамаған, бірақ оның көп бөлігін орындаған жағдайда қойылады. Сіздің міндетіңіз – оқытушыны хабардар етіп, курс бойынша қалған талаптарды орындау жөнінде келісімге келу. Егер осы талаптар жыл бойына орындалмаса, курс өзінен-өзі есепке алынбайды.
Тыңдармандар сондай-ақ магистрлік диссертация жазып, қорғауы керек. Тыңдарман оқуын бітіріп, диплом аламын деген семестрдің алғашқы екі аптасы бойы міндетті түрде барлық алған бағаларын салыстырып отыруы қажет. Толығырақ ақпарат алу үшін бағдарлама үйлестірушісіне жолығыңыз.
Қатысым. Әр оқу курсы бойынша курстың жалпы сағат санының кемінде 80%-на қатысу қажет. Сабаққа қатысым үнемі тексеріледі. Медициналық анықтамалар жарамсыз. Қатысым жөнінде талаптарды орындамаған тыңдармандар қорытынды емтиханға жіберілмейді.
Адалдық. Халықаралық бизнес университетінің тыңдармандарынан академиялық тәртіпті сақтау талап етіледі. Кез келген түрде көшіру және біреудің еңбегін иеленуге қатал тыйым салынады. Бұған қоса барлық тыңдармандар оқытушыларды қосымша ақпарат көздері туралы және жұмыс орындау барысында алған көмегі туралы хабарлау керек. Академиялық ұждансыздық үшін оқытушы осы курс бойынша "F" бағасын қоюға құқылы.
Ауысу жүйесі
UIB-дегі 48-несиелік бағдарлама бойынша Сіз басқа университеттен 18 несиеден артық ауыстыра алмайсыз. UIB әкімшілігі және бағдарлама қызметкерлері өтілген курстың UIB-де ұсынылатындарға сәйкестігін тексеріп, оны есепке алуға болатынын шешеді. Басқа институттарда өткен курстар есепке алыну үшін мөр басылған дипломға қосымшаны әкелу керек, онда өткен курстар бағаларымен және несие санымен көрсетілуі тиіс. Мамандану бағдарламасы бойынша оқитын немесе UIB-де жеке курстарға қатысатын және МВА бағдарламасына ауысамын деуші тыңдармандар бұрын өткен курстарын ауыстыруына болады, және олар жарамды болып есептелінеді.
Сертификат алу үшін қойылатын талаптар
Оқу курсы табысты аяқталған жағдайда сертификат беріледі. Оқу курсының бағасы «В-» тан төмен болмауы тиіс.
Байланыстар:
МВА бағдарламасының кеңсесі: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8А, Фурманов к-нің қиылысы, анықтама телефондары:267-12-43, 317-29-57
МВА бағдарламасы деканы: Соколовская Наталья Геннадьевна ( 317-29-57, 8 701 733 70 88)
МВА кешкі бағдарламасының үйлестірушісі: Дюсембаева Аида 8-777-677-96-90
МВА МИРБИС UIB бірлескен бағдарламасының үйлестірушісі: Банникова Мария (8 777 383 86 48)
Қашықтықтан оқыту форматының үйлестірушісі: Хусетдинова Алия 8-701-411-16-99
Күндізгі-қашықтықтан оқыту форматының үйлестірушісі: Туякбаева Найля 8-777-299-29-55































