Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 716 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59105 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 164017 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635486 |
МВА қатысып-қашықтықтан оқыту бағдарламасы
Қатысып-қашықтықтан оқыту форматындағы МВА бағдарламасы өндірістен қол үзбей оқығысы келетін Алматы қаласында, сондай-ақ Қазақстанның басқа да аймақтарында тұратын тыңдармандарға арнап жасалған.
Ұсынылатын оқыту форматы Интернет арқылы – қашықтықтан оқытудың және әр курс бойынша қатысып оқу сабақтарының үйлесімді ұштасуынан құралған. Қашықтықтан оқыту Сіздер үшін оқытудың еркін және икемді түрі (оқу уақытын, материалды қабылдау жылдамдығын, оқу материалдарымен жұмыс істеу жиілігін өзіңіз таңдайсыз). Қатысып -қашықтықтан оқытудың артықшылығы тыңдарман оқу материалдарына жұмыс орнынан/ үйден жедел түрде Интернет арқылы қол жеткізе алатындығында, ал электронды пошта арқылы оқытушымен хабарласу тыңдарманға оқу үдерісінен қол үзбеуін қамтамасыз етеді.
Оқыту тілі: орыс
Оқыту мерзімі: 2 жыл
Иеленетін академиялық дәреже: Іскери әкімшілдік магистрі.

МВА бағдарламасының құрылымы
МВА дипломын алу үшін 16 оқу курсынан өту қажет:
- 6 базалық курс
- 4 интеграциялық курс
- Мамандық бойынша 4 курс – Қаржы, Менеджмент, Маркетинг
- 2 міндетті курс – «Іскери ағылшын тілі» және «Магистрлік диссертацияны жазу және қорғау»
Оқыту
Бір оқу жылында 4 семестр бар:
- 1 семестр – қыркүйектен қарашаға дейін
- 2 семестр – желтоқсаннан ақпанға дейін
- 3 семестр – наурыздан мамырға дейін
- 4 семестр – маусымнан тамызға дейін
![]() |
![]() |
![]() |
1 семестрдің ұзақтығы - 12 апта. Семестрде оқылатын пәндердің саны - 2.
- Тыңдармандардың тіркелуі http://mba.uib.kz қашықтықтан оқыту порталы арқылы жүзеге асырылады, онда барлық оқу материалдары орналастырылады. Сондай-ақ әр семестрдің басында тіркеу формасы толтырылады.
- Әр семестрде (7-8 апта) қатысып оқу сабақтары өткізіледі (Алматы қаласында – бейсенбіден жексенбіге дейін, Астана қаласында – сенбі және жексенбіде 2 апта бойы, Ақтобе қаласында - сенбі және жексенбіде 2 апта бойы).
МВА бағдарламасының қатысып-қашықтықтан оқу форматындағы оқу төлемақысы
- Бір оқу курсының бағасы - 71 500 теңге.
Төлемақы семестр басында толтырылған тіркеу формасына сай жүзеге асырылады.
Күндізгі-қашықтықтан оқыту форматының үйлестірушісі:
|
|
Туякбаева Найля тел:8(727) 267 12 43 моб: 8777 299 29 55 E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек |
































