Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 739 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59128 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 164040 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635509 |
Жалпы мәлімет
Халықаралық қарым-қатынас университет қызметінің республикалық стандарттарға сәйкестігі мен білім беру сапасын қамтамасыздандыратын заманауи құрал болып табылады. UIB институционалды аккредитацияға қол жеткізді, жақын арада халықаралық аккредитацияны алу жоспарда.
Бүгінгі күні өз күшіндегі 25 келісімшарт жасалды. 2010 жылы 60-тан астам студент Латвия мен Чехиядағы қос дипломдық білім беру бағдарламасы мен алмасу бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді.
Халықаралық бизнес университетінде алыс-жақын шет елдерден жүзден астам студент білім алады. Халықаралық бөлім келесі мемлекеттерден келген студенттерге визалық қолдау көрсетеді: Ресей Федерациясы, Белоруссия Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, ҚХР, Оңтүстік Корея, Грузия, Армения,Түркия және басқалар.
Оқытушылық - профессорлық-құрамға (ОПҚ) да маңызды орын бөлінген. Университетке орыс және ағылшын тілінде дәріс оқитын шет ел дәріс берушілерімен қатар, оқытушылар жиі шақырылады. Біздің серіктестеріміздің кері байланысқа қызығушылығын атап кеткен жөн.
UIB студенттері мен оқытушылары әр түрлі білім беру бағдарламаларына қатысып, жеңімпаз атанды:
- Қазақстан Республикасы Елбасының Халықаралық «Болашақ» степендиясы;
- «Бостандықты қолдау Акті» бағдарламасы - "Freedom Support Act Undergraduate Program";
- Оқу бағдарламаларын дамыту жөніндегі бағдарлама "Junior Faculty Development Program";
- «Зерттеушілерге арналған аймақтық бағдарлама - Regional Scholar Exchange Program";
- Эдмунд Маскидің бостандықты қолдау Акті бағдарламасы (Магистратурада оқу үшін) - Edmund S.Muskie/Freedom Support Act Graduate Fellowship Program;
- Студенттік алмасу бойынша ашық қоғам Институтының бағдарламасы;
- Әр түрлі Голландия университеттерінде Голландия үкіметі жариялаған Магистранттық бағдарламалар;
- IREX бағдарламасы "Business for Almaty";
- Студенттік алмасу бағдарламасы(UGRAD);
- Университеттердің әкімшілік басқаруын қолдау бағдарламасы (UASP);
- Америка ғалымдары үшін жеке зерттеу бағдарламасы (IARO);
- Students in Free Enterprise;
Біздің студенттер мен оқытушылар Қазақстандағы DAAD қоры бойынша Германияда; Ұлыбритания мен Мальтада тілдер курсында (ағылшын тілі); Америкада "Pur Dua" бағдарламасы бойынша; Орталық Еуропа Университетінің бағдарламасы бойынша; DAAD арқылы зерттеу бағдарламасы бойынша Германияда; EERC-TERN Summer School for Economics - экономикалық зерттеу жаздық мектебінде білім алуда.
Әлем Банкін Экономикалық Дамыту Институты, Халықаралық Дамыту жөніндегі АҚШ Агенттігі (USAID), Британ кеңесі Австрия, АҚШ, Нидерланд, Түркия, Австралия, Венгрия, Франция, Үндістан мемлекеттерінде қайта даярлаудан өткен UIB қызметкерлері мен оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен біліктілігінің жоғары деңгейін ерекше бағалады. .
Халықаралық бөлім төмендегі негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
- Қос дипломдық білім беру;
- Халықаралық ұйымдар және компаниялармен серіктестік байланысты дамыту;
- АҚШ, Ұлыбритания, Дания және Ресейдің кәсіркерлік білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарымен қарым-қатынасжүргізу;
- Елшілік, халықаралық білім беру орталықтарының және ірі шет ел компанияларының өкілдерімен іскери кездесулер ұйымдастыру;
- МВА бағдарламасы бойынша білім алуға алыс-жақын шет елдерден шетел студенттерін тарту;
- Шет ел мемлекеттерінен шетелдік оқытушылар мен дәріс берушілерді шақыру;
- Халықаралық кеңестік-білім беру орталықтарымен байланыса отырып, шет елде білім алу туралы толық ақпаратты орналастыру;
- Халықаралық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру және белсенді қатысу;
- Шетелдік жалпы білім беру әдебиеттері мен арнайы әдебиеттерді алу;
- Келесі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады:
- Оклахом Мемлекеттік Университетімен (АҚШ) оқу бағдарламалары мен оқытушылардың біліктілігін арттыруды дамыту бойынша серіктестік жобасы;
- UIB студенттері үшін "Жоғару Менеджмент курсы" жобасы, оның негізгі мақсаты: ірі халықаралық және қазақстандық компаниялардың жетекшілерін тарту, теорияны тәжірибемен барынша байланыстыру, қазіргі кәсіпкерлік пен академиялық білімді жақындастыру;
- UIB студенттерін мемлекеттік үлгідегі Ресей дипломын алу үшін Ресей ЖОО-ларында оқыту жобасы;
- IACBE – (International Assembly for Collegiate Business Education, USA) халықаралық аккредитациясын алу жобасы ;
- Орталық Азиядағы кәсіпкерлік және экономикалық білім беру бойынша USAID/CARANA Corporation жобасына қатысу;
- "Халықаралық Жазғы Тілдік Мектеп" бағдарламасы – шетелдік студенттер мен қазақ, орыс, ұйғыр тілдерін үйренуге қызығушылық танытушы мамандарға және зерттеушілерге арналған 4-8 апталық қарқынды тілдік курстары.
Презентация: Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық бөлім бастығы: Исаева Гульнур Аскаровна
Телефон: 8 (727) 250 62 44.




























