Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 747 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59136 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 164048 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635517 |
ТЕМПУС бағдарламасы
Темпус – Еуропалық Одақ (ЕО) университеттері мен әр түрлі аймақтардағы (Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс) жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық арқылы жоғары білімді модернизациялауға бағытталған ЕО-тың бағдарламасы.
Бағдарламаның басты мақсаты аталып өткен аймақтардағы жоғарғы білім жүйелерін ЕО-тың жоғарғы білім жүйелеріне сәйкестіру және үйлестіру, сонымен қатар Лиссабон конвенциясының қағидаларын және Болондық үрдісті дамыту болып табылады.
ТЕМПУС IV бағдарламасы – 2007-2013 ж.ж.
Халықаралық Бизнес Университеті ТЕМПУС IV бағдарламасы аясында СТУДИК 516802 –TEMPUS -1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR «Қазақстанда студенттік өзін-өзі басқару және демократияға қатысу» (STUdents self-governance and Democratic Involvement in Kazakhstan) жобасын жүзеге асырады. http://eacea.ec.europa.eu/tempus/results_compendia/results_en.php
Жобаның басшысы: Наренова М.Н.
Грант көлемі: 1 082 274, 43 €
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 15 қазан 2011 ж.- 14 қазан 2014 ж.
СТУДИК жобасының консорциум мүшелері:
Қазақстан бойынша:
- Халықаралық бизнес университеті – грант алушы;
- Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет;
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
- Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті;
- Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті;
- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
- Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
- Қазақ қаржылық-экономикалық академиясы;
- Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;
- Алматы қаласы студенттерінің альянсы;
- Қазақстан жастарының конгресі;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студентік сенаты;
- ҚР білім және ғылым Министрлігі.
Еуропалық Одақ:
- Дрезден техникалық университеті (Германия);
- Австриялық табиғи ресурстар университеті (Австрия, Вена қ.);
- Ақпараттық жүйелер менеджменті институты (Латвия, Рига қ.);
- Ақпараттық жүйелер менеджменті институты студенттерінің одағы (Латвия, Рига қ.);
- Литвалық ауыл шаруашылық университеті (Литва, Каунас қ.);
- Литвалық ауыл шаруашылық университеті студенттерінің одағы (Литва, Каунас қ.).




























