Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 748 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59137 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 164049 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635518 |
Халықаралық мобильділік бағдарламалары
Халықаралық студенттік мобильділік бағдарламалары студенттердің және магистранттардың шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқуға немесе тәжірибеден өтуіне зор мүмкіндік ашады.
Шетелдік жоғары оқу орындары мен UIB арасындағы келісім-шарттарға сәйкес, университет бакалавриатура және магистратура бөлімдеріндегі студенттерді бір семестр немесе толық академиялық жыл ішінде әріптес-университтерге оқуға жібереді. UIB-де студенттік мобильділік бағдарламалары 2002 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге аса бастады.
Бағдарламаға қатысу арқылы студенттердің мүмкіншіліктері артады:
- Шетелдік оқу орнында білім алу;
- Қазақстандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекелестікті арттыру;
- Халықаралық ортада мәдениетаралық қарым-қатынасты жетілдіру;
- Бару мемлекетінің тілі, мәдениеті мен әдет-ғұрпын үйрену;
- Шетелдерде білім берудің жаңа тәжірибесімен таныс болу;
- Ағылшын тілін үйренуді жетілдіру;
- Дүниетанымын кеңейту, әрі жаңа жолдастар табу!
Оқу мерзімі: 1 семестр немесе толық академиялық жыл.
Бағдарлама бойынша мынадай әріптес-мемлекеттерде білім алу жүзеге асырылады:
- Қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия, www. cou.fi
- ВаньЛи Университеті, Қытай, http://en.zwu.edu.cn
- Клермон-Ферран менеджмент бойынша жоғары мектебі, Франция, http://www.esc-сlermont.fr
- Николай Коперник атындағы Университет, Польша www.umk.pl
- Помор-Куяво Университеті, Польша, www.kpsw.edu.pl
- Солбридж халықаралық бизнес мектебі, Оңтүстік Корея,www.solbridge.kr
- Рига халықаралық және бизнес мектебі, Латвия, www.riseba.lv
- Ақпараттық жүйелер менеджменті жоғары мектебі ISMA, Латвия, www.isma.lv.
- Вильнюс бизнес Университеті, Литва, http://www.tvm.vu.lt
Студенттік алмасу бағдарламасына үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады:
- Ағылшын тілін жетік меңгеру
- Оқу үлгерімінің жақсы болуы
Бағдарламаға қатысу үшін студенттер мынадай құжаттарды халықаралық бөлімге өткізуі қажет:
- Бағдарламаға қатысу үшін өтініш
- Транскрипт
- Ұсыныс хат
* өзге құжаттар қабылдаушы оқу орнының талаптарына сәйкес өткізіледі (жеке келісімнің негізінде).
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Келесі оқу жылының күзгі семестрінде қатысу үшін – ағымдағы оқу жылының 5 сәуіріне дейін;
- Ағымдағы оқу жылының көктемгі семестрінде қатысу үшін – ағымдағы оқу жылының 5 қарашасына дейін.
Халықаралық алмасу бағдарламасына қатысқан студенттердің ой-пікірлері
«Халықаралық алмасу бағдарламалары студенттердің жаңа білім алуына, тәжірибе жинақтауына және шетелдерге шығуына зор мүмкіншіліктер береді. Оңтүстік Корея өткізген көктемгі семестр мен үшін мәңгі ұмытылмас шақтардың бірі болды. Өз мамандығы бойынша білім қорын кеңейтіп, ағылшын тілін тереңдете үйрендім, әрі өз бетімше өмір сүруге дағдыландым. Менің ойымша бұл бағдарламада UIB студенттерінің әрқайсысы «өз бағын сынап көруі» қажет. Халықаралық студенттік алмасу бағдарламаларының әрдайым сұранысқа ие болатындағына сенімім мол».
Адиль Арыстангалиев
3 курс студенті, «Қаржы» мамандығы
«Весенний семестр 2011 я училась в международной школе бизнеса Solbridge International School of Business в Южной Корее, город Тэджон. Перед поездкой я долго сомневалась, стоит ли ехать и что мне это даст? Оценив все за и против, я решила принять участие в международной программе обменов и ни капли не пожалела! Я получила бесценный академический и жизненный опыт!
Учиться за границей очень интересно! Это возможность посмотреть, как преподают и учатся в других странах, познакомиться с культурой другой страны и завести новых друзей по всему миру! Учиться в Solbridge настоящее удовольствие! В школе созданы для этого все условия! Свободный интернет, богатая и удобная библиотека, спортивный зал, бассейн и многое другое! На выходных мы с друзьями старались путешествовать и изучать Корею изнутри. Я открыла для себя много интересного о Корее и ее народе. Я встретила много интересных и талантливых людей. Так же я узнала, что значит жить в общежитии. У меня появилось много очень хороших друзей по всему миру, с которыми мы активно поддерживаем связь. Я могу с уверенностью сказать, что буду очень скучать по такой веселой студенческой жизни!»
Ирина Михальченко
3 курс студенті, «Қаржы» мамандығы
«I think through this semester, I’ve lived a little life. So many new people from so many countries. Everything is so different there! I’ve never been abroad more than 2 weeks before and this exchange semester was a good experience for me.
Шатаева Джамиля
3 курс студенті, «Қаржы» мамандығы




























