Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 764 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59153 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 164065 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635534 |
Ваш IP: 38.107.179.210
Жарияланымдар мен мақалаларға қойылатын талаптар
Халықаралық бизнес университетінің «Хабаршы» журналына жіберілетін мақалалар басылымның төмендегі ережелеріне сәйкес ресімделуі тиіс:
- Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде MS Office Word бағдарламасының мәтіндік нұсқасында терілген қалыпта қабылданады.
- Материалдың ең көлемдісі – А4 үлгіде 6 бет (материал 1,5 аралық қашықтықпен басылады, қаріп - Times New Roman, қаріп көлемі - 14, жиек – жоғарғы, төменгі, сол жақ және оң жақ – 2 см.).
- Мақала беттері нөмірленеді.
- Мақаланың жоғарғы бөлігіне кіші әріптермен жартылай майлы қаріппен автордың тегі және аты-жөні қысқартылып беріледі, ал келесі жолдан бас әріптермен мақала атауы басылады.
- Барлық цитаталар алынған дереккөздерге сілтеме жасалады.
- Кестелер мен графикалық бейнелер материал мәтіні ретімен орналастырылады.
- Автор мақалада берілген фактілердің, цитаталардың, экономикалық-статистикалық деректердің, атаулардың және басқа да мәліметтердің анықтығына жауап береді.
- Редакция мақаланы қысқарту және редакторлық түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Мақалалар келесі мерзімнен бастап қабылданады:
- 1 нөмір – 5 ақпанға дейін,
- 2 нөмір - 5 мамырға дейін,
- 3 нөмір - 5 тамызға дейін,
- 4 нөмір - 5 қарашаға дейін.
Жарияланымдар бойынша қосымша ақпаратты Сіздер мына телефондар бойынша ала аласыздар:
+7 (727) 250-62-44, 250-60-47 (ішкі байланыс 3999)
+7-777-241-64-69, +7-701-943-21-99
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек




























