• Russian (CIS)
  • Kazakh (CIS)
  • English (United Kingdom)
Яндекс.Погода

Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня774
mod_vvisit_counterВчера10415
mod_vvisit_counterНа этой неделе59163
mod_vvisit_counterНа прошлой неделе69608
mod_vvisit_counterЗа этот месяц164075
mod_vvisit_counterЗа прошлый месяц262557
mod_vvisit_counterВсего6635544

Ваш IP: 38.107.179.207

Ректор блогы


Гамарник Геннадий Николаевич


Экономика ғылымдарының докторы, профессор, жоғары мектеп халықаралық ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері.

Туған жылы: 30 қаңтар 1948 ж.
Туған жері: Новосібір, Ресей Федерациясы


Білімі және ғылыми атақтары:
1970 ж. – Алматы халық шаруашылығы институты, есеп-экономика факультетін үздік бітірді.
1983 ж. – «Тұрмыстық қызмет пен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістік шығын есебін жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2002 ж. – «Экономиканы басқарудың ұлттық үлгісі: әдіснамалық тәсілдері және жүзеге асыру бағыттары (Қазақстан Республикасы материалдарында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады, экономика ғылымдарының докторы атағы берілді.
1985 ж. – Г.Н.Гамарникке  доцент ғылыми атағы берілді.
1995 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының  профессоры атағы берілді.
2003 ж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің профессоры.
2004 ж. –  О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің профессоры.
2007 ж. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры.
1998 ж. – Халықаралық Еуразия экономикалық академиясының академигі.
2005 ж. – Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі.
2005 ж. – жоғары мектеп Халықаралық ғылымдар академиясының академигі (Мәску қ.).

Кәсіби мансаптары:
2006 ж.-осы күнге дейін Халықаралық Бизнес Университетінің ректоры.  Г.Н. Гамарниктің жетекшілігімен  университет үшін басты бағыт жаңалыққа ұмтылу, білім сапасы, әлемдік білім кеңістігіне ену болып келеді. Қысқа мерзімде оқу орнының абыройын арттыруға, еліміздің бейінді ЖОО-лары арасындағы оның рейтингісін көтеруге, білім беруді ұйымдастырудың  тәуелсіздігі және академиялық еркіндігін нығайту мен кеңейтуге байланысты Қазақстанның жеке меншік ЖОО-лары ішінде бірінші болып Университеттердің Ұлы Хартиясымен келісімге қол қоюға қол жеткізді.    

2003 – 2006 – Қазақстан Республикасы білім және ғылым бірінші  вице-министрі қызметін қайта атқарады. Г.Н.Гамарниктің жетекшілігімен 2015 жылға дейінгі  Қазақстандағы білім беруді дамыту Концепциясы жасалды,  2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Ұлттық бағдарламасы бекітіледі,  білім беру ісіндегі жаңалықтарды есепке ала отырып, ҚР «Білім туралы» Заңы қабылданды,  Қазақстан Республикасы білім және ғылым жүйесі қызметкерлерінің ІІІ Съезі мен І Форумы өтеді.

2000 – 2003 -  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры.

1997 – 2000 – Семей мемлекеттік қаржы  институтының ректоры.

1995 – 1997  – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетіне экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі, содан кейін – Қазақстан Республикасы білім Министрінің бірінші орынбасары лауазымына ауысады. Бұл жауапты қызметтерде ел экономикасының тұрақтануы мен ары қарай дамуына бағытталған екі Ұлттық бағдарлама мен үкімет Қаулысын дайындауға қатысты.  1996 жылы ҚР «Жоғары білім туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде, еліміздің ЖОО-ның білім беру қызметін лицензиялау бойынша ҚР білім Министрлігі тарапынан жауапты болды. Қазақстанның орта мектептерін компьютерлендіру үшін займ бөлу жөнінде Азиялық қайта құру және даму банкімен жұмыс жасады.

1992 – 1995 – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының бірінші  проректоры.

1988 – 1992 – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік монополияға қарсы комитеті бас басқармасының басшысы.

1985 – 1988 – ҚазКСР Мемагроөнеркәсібінің Қазақ Республикалық жоғары басқару мектебінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры.

1983 – 1985  - партия комитетінің хатшысы. Осы кезеңде Г.Н.Гамарник  үлкен ұйымдастырушылық-тәрбиелік жұмыстар жүргізді: мәдени-бұқаралық шаралар, институттағы білім беру сапасын арттыруға байланысты іс-шаралар кешенін, еліміздің қалалары мен ауылдарының экономикалық өсуіне көмек ретінде студенттік құрылыс отрядтарын жасақтауды, түлектердің жолдама бойынша жіберілген жерлерге баруын жүзеге асырды.  

1972 – 1983 – Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1971 – 1972 – ҚазКСР  Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Министрлігінде бухгалтер-ревизор.

1970 – 1971  – Кеңес әскері қатарында қызмет ету, қатардағы жауынгер – сержанттық құрам.




Белгілі жарияланымдар тізімі:
Г.Н. Гамарник Қазақстан мен ТМД елдерінде жарияланған экономикалық  үдерістер саласындағы100-ден аса ғылыми жарияланымдардың, 10-нан асатам монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемелік жасалымдардың авторы. Олардың қатарында:

  • «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бірлестіктердің өндірістік қызметін талдау» оқулық (қазақ тілінде) – 1987 ж. (авторлар бірлестігінде);
  • «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» оқулық - 1994 ж. (авторлар бірлестігінде);
  • «Муниципалдық менеджмент»  оқу құралы- 1999 ж. (авторлар бірлестігінде);
  • «Қазақстан экономикасын басқару. Әдіснамасы. Тәсілдері. Жүзеге асыру жолдары» монография - 2002 ж.
  • «Экономиканы басқару негіздері: Эволюция. Теория. Практика» оқулық - 2002 ж.
  • «Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің экономикасы» оқу құралы - 2002 ж.  (авторлар бірлестігінде)

 

foto4-014_thumb

foto-0062_thumb

DSC03617_thumb

Марапаттары мен құрметті атақтары:

  • «Құрмет» ордені – 2008ж.
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі.
  • «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі – 2006ж.
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі – 2005ж.
  • «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.
  • «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы жетістіктері үшін» төсбелгісі – 2004ж.
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы – 2003ж.
  • «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі – 1996ж.
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын алды.

Қоғамдық қызметтері:

  • «Халықаралық бизнес  университетінің Хабаршысы» журналының редакторы;
  • «Адами қорларды басқару» журналы редакциялық алқасының мүшесі;
  • «Бизнес пәндерінің оқытушылары» республикалық қауымдастығының президенті;
  • Қазақстанның кәсіби білім беруді ұйымдастыру Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі.


Қызығушылықтары:
Волейбол, автокәсіпқой