Как Вы оцениваете профессиональный уровень профессорско-преподавательского состава UIB?







![]() | Сегодня | 774 |
![]() | Вчера | 10415 |
![]() | На этой неделе | 59163 |
![]() | На прошлой неделе | 69608 |
![]() | За этот месяц | 164075 |
![]() | За прошлый месяц | 262557 |
![]() | Всего | 6635544 |
Даму тарихы
1992
Республикалық Бизнес Мектебі деген атаумен IBM корпорациясының қатысуымен Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының (ҚазМБА) бөлімшесі құрылды.
1993
ҚазМБА жанындағы мектеп жеке жоғары оқу орны – Халықаралық Бизнес Мектебі болып қайта құрылды.
1996
Мектеп "КАРАНА" корпорациясымен бірлесе отырып, бизнес-жоспарлау бойынша Қазақстанның қалаларында семинарлар сериясын өткізді.
1997
Мектеп Қазақстанда алғашқылардың қатарында бухгалтерлік есептің жаңа стандарты бойынша бухгалтерлерді оқытуды бастады. Бұл курстарда 1000 – нан астам бухгалтерлер, салық инспекторлары, экономистер білім алды.
Мектептің жаңа бөлімшесі ашылды, онда Қазақстанда бірінші болып "1С-Бухгалтерия" компьютерлік бағдарламасын есептеудің жаңа стандартына көшірді және оны Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейтін 300-ден аса компанияларға табысты енгізді.
1999
Мектеп ҚР білім және ғылым Министрлігінің аттестациясынан өтті, оның нәтижесі бойынша оқу бағдарламаларының мәртебесі мемлекеттік стандартқа сәйкес екені дәлелденді.
Мектеп ТАСИС бағдарламасы қаржыландыратын Алматы, Астана, Тараз, Ақтау, Қостанайда шағын және орта бизнесті дамыту мен франчайзингті қолдауға байланысты жобалардың атқарушы кеңесшісі болды.
2000
Мектеп дамушы елдердің үздік мектептері талаптарына сәйкес жасалған МВА кешкі бағдарламасын ашты.
Мектеп Алматы қаласының орталығындағы жеке ғимаратқа көшті.
2001
Мектеп өзінің дамуындағы жаңа сатыға қол жеткізе отырып, Халықаралық Бизнес Университеті деп қайта аталды (University of International Business).
Университет USAID жобасымен ("КАРАНА" корпорациясы) Қазақстанның 5 үздік экономикалық ЖОО-ларының бірі болып танылды.
Университет шетелдіктерді қазақ, орыс және ұйғыр тілдеріне оқытудың жазғы тіл үйрету мектебін ашты.
Университет бірінші рет кәсіби актуарилерді оқытуды өткізуге USAID-пен тікелей келісімге отырды.
Университеттің жұмыс жасаған кезеңінде қысқа мерзімді семинарларға қатысушылардың саны бес мыңға жетті.
Жоғары кәсіби білім берудің жаңа мамандықтары ашылды.
2002 ж. – Астана қаласында Халықаралық бизнес университетінің өкілеттілігі ашылды;
2003 ж. – Астана қаласында МВА модульдік бағдарламасы басталды, екінші мамандық бойынша аспирантура ашылды, магистратура ашылды.
2002
Халықаралық бизнес университетіне Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің мерзімсіз мемлекеттік лицензиясы берілді (серия АА №0000143 5 ақпан 2002ж.).
Университет байқау қоғамдық EQUIS- CAMAN халықаралық аккредитациядан өтті.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен ҚР-ның ДСҰ-ға ену проблемасы, Қазақстанның тұрақтанудан кейінгі даму проблемасының ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
Астана қаласында университеттің өкілеттілігі ашылды.
2003
Университетте екі мамандық бойынша аспирантура ашылды.
Астана қаласында МВА модульдік бағдарламасы басталды.
Халықаралық бизнес университетінің өзінің халықаралық ЖОО мәртебесіне сәйкес жақын және алыс шетелдік оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламасын енгізді: 2003 жылы Wisconsin Madison International Business on line университетімен (АҚШ, Висконсин қ.);
Wisconsin Madison International Business on line (США) университетімен қашықтықтан оқыту бірлескен бағдарламасы іске қосылды. UIB-де магистратура ашылды.
«Ұйым менеджменті» мамандығы бойынша студенттерді бірлесе дайындау және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы екі ЖОО-ның мемлекеттік үлгідегі дипломын беру туралы Санкт-Петербург Халықаралық Менеджмент Институтымен (ИМИСП) келісімге қол қойылды.
2004
Халықаралық бизнес университеті мемлекеттік аттестациядан өтті (17 наурыз 2004 ж. №217).
Швецияның алдыңғы қатарлы Лунд университетімен халықаралық студенттік алмасу мен академиялық және ғылым саласында бірлескен ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойылды.
Алғаш рет Лунд университетіне (Швеция) өзара алмасу бағдарламасы бойынша UIB-дің бір топ студенттері жіберілді.
Университет Женева қаласында өткен FEBP халықаралық басқарма қорының «Бизнестің жоғары сапасына арналған» үшінші халықаралық форумында «Іскерлік практикада жоғары сапа үшін» алтын медалімен марапатталды.
2005
ҚР-ның 34.016-2004 "Қашықтықтан оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары» мемлекеттік стандартына сәйкес кейстік, желілік және ТV технологияны қолдана отырып, қашықтықтан оқыту түрі енгізілді.
2006
SIFE UIB-дің командасы Аймақтық және одан соң Ұлттық SIFE жарыстарында көптен күткен жеңіске лайықты түрде қол жеткізді. Одан кейін 2006ж. Францияда (Париж қ.) өтетін Бүкіл дүниежүзілік SIFE WORLD CUP конкурсына Қазақстан атынан қатысуға жолдама алды.
Халықаралық бизнес университеті Болон Университетімен (Италия) және қолданбалы ғылымдар Орталық Университетімен (Финляндия) серіктестікте Қазақстан ЖОО-да еуропалық (ECTS) несиелік жүйені енгізу бойынша бірлескен ТЕМПУС жобасын ұтып алды;
Халықаралық бизнес университеті студенттер мен оқытушылардың өзара алмасуы және академиялық зерттеулердегі ынтымақтастықты қарастыратын, UIB мен RISEBA арасындағы халықаралық ғылыми-мәдени байланыс пен серіктес-университеттер базасында студенттер, қызметкерлер, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыратын Риганың Халықаралық экономика және басқару жоғары мектебімен (RISEBA) серіктестік жасау туралы келісімге қол қойды.
Мамандандырылған «Халықаралық бизнес университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы ашылды (ҚР мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінің қоғамдық ақпарат құралдары мен мұрағатын есепке алу қаулысы туралы куәлік, №6384 , 13.10.2005ж.);
Халықаралық бизнес университеті студенттер, қызметкерлер мен оқытушылардың өзара алмасуы және академиялық зерттеулердегі ынтымақтастықты қарастыратын Ақпараттық Жүйелер Менеджменті Институтымен (ISMA, Riga, Latvia) серіктестік туралы келісімге қол қойды (Латвия, Рига қ-сы).
2007
Халықаралық бизнес университеті 5 жылға студенттер мен оқытушылардың өзара алмасу бағдарламасы бойынша Қолданбалы ғылымдар Университетімен (Финляндия, Коккола қ-сы) келісімшартқа отырды. Бұл келісім ары қарай басқа да қызмет салаларының түрлі бағыттары бойынша университеттер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді қарастырады.
Жоғары кәсіби білім берудің жаңа мамандықтары ашылды: 050908 - Бағалау, 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050501 - Әлеуметтану, 050602 - Информатика, 050905 – Әлеуметтік жұмыс.
Халықаралық бизнес университеті жаңа технология мен корпорацияның бағдарламалық өнімдері базасында ақпараттық компьютерлік жүйелерді құру, тасымалдау және дамыту бойынша серіктестік туралы «Microsoft Kazakhstan» корпорациясымен келісімшартқа отырды;
Халықаралық бизнес университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің шешімімен оқу процесіне оқытудың несиелік жүйесін енгізу жөнінде экспериментке қатысуға жіберілді.
Халықаралық бизнес университетінде «Алтын Отау» түлектер Қауымдастығы құрылды.
Халықаралық бизнес университеті студенттер мен оқытушылардың өзара алмасу бағдарламасы бойынша және академиялық зерттеудегі серіктестік туралы Вильнюсс университеті халықаралық бизнес Мектебімен келісімшартқа отырды;
Халықаралық бизнес университеті 5 жылға студенттер мен оқытушылардың өзара алмасу бағдарламасы бойынша Болон университетімен келісімшартқа отырды. Бұл келісім ары қарай басқа да қызмет салаларының түрлі бағыттары бойынша университеттер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді қарастырады.
Халықаралық бизнес университеті "UIB-TODAY" студенттік газетін есепке қою жөніндегі куәлік алды (бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы №8447-Г 22.06.2007ж. куәлігі).
Эксперименттік бағдарлама бойынша ҚР БҒМ Комиссиясының шешімімен Халықаралық бизнес университетіне Экономика, Менеджмент, Қаржы мамандықтары бойынша PhD философия докторларын даярлауға рұқсат берілді.
Халықаралық бизнес университеті 5 жылға студенттер мен оқытушылардың өзара алмасу бағдарламасы бойынша Вусонг (Корея) университетімен келісімшартқа отырды. Бұл келісім ары қарай басқа да қызмет салаларының түрлі бағыттары бойынша университеттер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді қарастырады.
Халықаралық бизнес университеті Жобаларды Басқару Қазақстандық Қауымдастығының ассоциирленген мүшесі болды.
Халықаралық бизнес университетінің жетістіктер мен табыстар Мұражайының ресми ашылуы болды.
Әділет Министрлігі Халықаралық бизнес университетіне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №89019-1910-ОО 19.11.2007ж. куәлік берілді: Қоғамдық бірлестік «Халықаралық бизнес университетінің «Алтын Отау» түлектер Қауымдастығы».
2008
Халықаралық бизнес университеті (UIB) жанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау жөніндегі Комитеттің 2008 жыл 21 қаңтардағы №53 бұйрығымен Халықаралық бизнес университеті (UIB) жанында 08.00.05 - Экономика және халық шаруашылығын басқару; 08.00.10 – Қаржы, ақша айналысы және несие мамандықтары бойынша экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ұсынуға диссертация қорғау бойынша Д 20.01.07 диссертациялық кеңесі қайта ашылды.
UIB туралы «Құрылу мен табыстың 15 жылы» мерейтойлық кітабының тұсаукесері өтті. Онда Халықаралық бизнес университеті құрылған 15 жыл аралығында із қалдырған барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмыстары, студенттік өмір мен айтулы оқиғалар көрініс тапты.
UIB мен «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім қазіргі таңда ғылыми-зерттеушілік және білім беру салаларында тиімді сауда саясатын қалыптастыруда ықпал жасауға қабілетті бірлескен стратегияны жасап шығаруға мүмкіндік береді.
ХБУ Ғылыми кеңесінің 20.05.08ж. шешімімен Экономика, Менеджмент, Қаржы мамандықтары бойынша PhD философия докторларын даярлау бойынша бағдарлама іске қосылды.
Еуропалық Комиссия “Қазақстанда қашықтықтан оқыту және аккредитация жүйесі стандарттарын құрастыру» ТЕМПУС DESAS SM-SCM-T073B06-2006 (KZ) жобасы бойынша ХБУ-мен келісімшартқа отырды.
Университеттің базасында ҚР Әділет Министрлігімен бизнес-білімге қатысты, біліктілікті арттыру кәсіби білім беруді жетілдіру және оқытушылар мен қызметкерлерді қайта даярлау мақсатымен «Бизнес пәндері оқытушыларының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігіне тіркелді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы парламентінің сенаторы, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор, UIB-дің Құрметті президенті Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР еңбегі сіңген қайраткер, э.ғ.д., профессор Гамарник Геннадий Николаевич ғылым мен білімді дамытудағы ерен еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
UIB-дің Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету және Ақпараттық жүйелер мамандықтарының 5 студентіне "KazEnergy" шәкіртақысы тағайындалды.
2009
Халықаралық бизнес университеті және Nagoya of Commerce and Business Graduate School, Жапония (NUCB) NUCB-да іскерлік әкімшілік магистрлерді (МВА) даярлау бойынша серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Халықаралық бизнес университеті мен Болон Университеті (Италия) арасында өзара серіктестік туралы келісімге отырды (Италия). «Өтпелі экономика елдерінде шағын және орта кәсіпорындарында жаңашыл технологияны құру және дамыту саласында оқыту» бірлескен бағдарламасын Қазақстан Республикасы мен Италия қос диплом берумен Магистр дәрежесін алуды қайта қарастырды.
Халықаралық бизнес университеті IMC (Кремс қ-сы, Австрия) Қолданбалы ғылымдар университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
IT-технологияның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, ақпараттық технологиялар зертханасы мен "UIB ТОЛҚЫНЫ" оқу телестудиясы ашылды.
“Қазақстанда қашықтықтан оқыту және аккредитация жүйесі мен стандарттары» ТЕМПУС жобасы аясында Қашықтықтан білім беру Орталығы ашылды.
Университетке 050902 – Туризм мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім беру мамандарын даярлау үшін лизенция берілді.
Халықаралық бизнес университеті мемлекеттік стандартқа сай оқу бағдарламасы бекітілген нәтижесінде 5 жыл мерзімге ҚР БҒМ мемлекеттік аттестациясынан табысты өтті.
Халықаралық бизнес университеті 18 қыркүйекте Болонья қаласында (Италия) Университеттердің Ұлы Хартиясына (Magna Charta Universitatum) келісімшартқа қол қойды.
«Жоғары оқу орындарында эксперименттік бағдарламаларды енгізуге байланысты эксперимент жүргізу туралы» ҚР БҒМ Бұйрығына сәйкес Халықаралық бизнес университетіне оқу процесін қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып ұйымдастыруға рұқсат берілді.
Халықаралық бизнес университеті мемлекеттік емес ғылыми ұйым ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті қаражаты есебінен ғылым және ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарға қатысуға 5 жыл мерзімге ҚР Білім және ғылым Министрлігінің аккредитациясынан өтті.
Халықаралық бизнес университеті «Қазақстан жаһандық әлемде: әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілері» тақырыбында бірінші Халықаралық ғылыми конгресс өткізді. Конгресс жұмысына әлемнің 8 елінен 150-ден аса жетекші отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Конгресс аясында 3 ғылыми-практикалық және 3 дөңгелек үстел өткізілді.
2010
Университетке 050202 – Халықаралық қатынастар, 050503 – Психология, 050608 – Экология, 050732 - Стандарттау, метрология және сертификаттау бакалавриаты бойынша жоғары кәсіби білім берудің жаңа мамандарын даярлау үшін лизенция берілді.
Интернет арқылы жүзеге асырылатын ресурстарға енетін library.uib.kz. порталда ХБУ электронды кітапханасы ашылды. Кітапхана қоры оқу құралдарының, анықтамалық материалдардың және тағы да басқа пайдалы әдебиеттердің электронды көшірмесінен тұрады.
Университетте «1С: Кәсіпорын (Оқу үдерісін автоматтандыру)» бағдарламасы – оқу үдерісін басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Бағдарлама электронды құжат айналымына негізделген және жоғары оқу орнында білім беру сапасын арттыуға бағытталған.
Халықаралық бизнес университеті DBA бағдарламасы бойынша (іскери әкімшілік докторлары) мамандарды кәсіби қайта дайындау жөнінде ынтымақтастық жасау туралы «МИРБИС» Мәскеудің халықаралық жоғары бизнес мектебімен келісім жасады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің эксперименттік бағдарламалар жөніндегі Республикалық кеңесінің 23 маусым 2010 жылғы шешіміне сәйкес Халықаралық бизнес университетіне іскери әкімшілік докторларын (DBA) дайындау құқығы берілді.
Алғаш рет Халықаралық бизнес университетінде Чехияның Я.А.Коменский университеті мен Латвияның ақпараттық жүйелер және менеджмент (ISMA) университетімен жасалған келісімнің аясында қос дипломды білім беру бағдарламасы бастау алды. Қос дипломды білім алу үшін Прага мен Ригаға аттануға екі топ студенттер дайындалды.
Халықаралық бизнес университетінде "Алтын белгі" және «үздік аттестат» иегерлерінің Клубы» құрылды.
Халықаралық бизнес университеті 5 жыл мерзімге Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттікпен (ББСҚТҚА) аккредитациядан өтті.
2011
Халықаралық бизнес университеті Словакия Республикасы, Братиславадағы Экономикалық университетпен оқу және ғылым саласындағы ынтымақтастық жасау туралы Шартқа қол қойды.
UIB Университеті «Cенiм-2010» конкурсы аясында «Екі астанадағы жұмыс беруші үздік компания» номинациясында екінші дәрежелі диплом алды.
Халықаралық бизнес университеті мен сапа жөніндегі Австриялық Агенттік (AQA) арасында төрт білім беру бағдарламасын халықаралық аккредитациялау туралы келісімге қол қойылды. Аккредитациямен европалық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, сапалы стандарттардың орындалуы дәлелденеді. Келісім аясында келесі өткізу мерзімі белгіленді: маусым 2011ж. – сәуір 2012ж.
SIFE UIB-дің командасы Ұлттық SIFE жарысында көптен күткен жеңіске лайықты түрде қол жеткізді. Сөйтіп Малазияның Куала-Лумпур қаласында өтетін Бүкіл дүниежүзілік SIFE WORLD CUP - 2011 конкурсына Қазақстан атынан қатысуға жолдама алды.
Университету выдана лицензия на подготовку специалистов послевузовского профессионального образования по специальностям: Туризм, Оценка, Социально-культурный сервис.
Университет международного бизнеса выиграл грант Европейского Союза по программе TEMPUS на реализацию проекта 516802 –TEMPUS -1-2011-1-KZ-TEMPUS-SMGR «Студенческое самоуправление и демократическое вовлечение в Казахстане» (STUdents self-governance and Democratic Involvement in Kazakhstan).
Университет международного бизнеса подписал меморандум о сотрудничестве с университетом Джорджа Мейсона (George Mason University – www.gmu.edu).
Подписаны соглашения с Университетом Линтон, Малайзия, Международным Институтом Менеджмента (IMI), Швейцария.




























